Біліп жүр

Асүйге арналған 10 лайфхак

Тамақ дайындау бойынша кеңестер

Асүйге қажет кеңестермен бөлісейік. Үй шаруасындағы әйелдің асүйге және тамақ дайындауға байланысты айтар лайфхактары жетерлік. Сондай лайфхактардан шолу ұсынамыз.

Қамыр артылып қалса

Олай болмас үшін оны шар тәрізді қылып илеп мұздатқышқа қатырып қойыңыз. Келесі жолы үйде жасалған печеньелермен үй ішін қуантқыңыз келсе, оларды табаға немесе силиконды формаға салып пісіріңіз. Мұрын жаратын иісінен өзіңізді қуанышты сезінесіз.

Шөлді басқыңыз келе ме?

Жазғы аптапта шөліңізді қандырғыңыз келсе, лимон бөліктерін аз ғана су қосып силиконды формаға салып қатырыңыз. Лимонды мұзды салқын суға салып ішсеңіз, ыстық күндері ұзақ шөлдемейсіз.

Қант түйіршіктелмес үшін

Қолдан жасайтын тәттілерге қант қолданасыз ба? Олай болса, оны герметикалық қапшыққа салып, үстіне біраз зефир салып қойсаңыз болады. Зефир оның түйіршіктеліп қалуына жол бермейді.

Егер де сіздің пайдаланып жүрген балыңыз кристалды күйге айналса, сіз оны ыстық су құйылған ыдысқа салып қойыңыз.

Балмұздақты пышақпен кеспеңіз

Мұздап тұрған балмұздақты қасықпен бөлмей, сәл ғана қыздырлыған пышақпен бөлген дұрыс.

Қарбыз немесе қауынды тез ұсақ әрі бірдей бөлік бөлу керек пе? Шешімі бар!

https://youtu.be/gWw-xlXTF20       

Піспеген жасыл банан сатып алсаңыз

Егер де өте жасыл банандар сатып алған болсаңыз, оны пешке салып, ең төмен температурада 10 минут екі жағын қыздырып алыңыз.

Торт ұзақ сақталсын десеңіз

Кремі көп тортты кескеннен соң пышақты тазалаудан шаршадыңыз ба? Онда тортты кеспес бұрын жылы су ағынында бір минут ұстағаныңыз дұрыс.

Мына торттың ары қарай балғын күйінде сақталуы үшін оны тоңазытқышқа алмалармен салғаныңыз жөн.

Жұмыртқаның ақуызын ұнатпайсыз ба?

Жұмыртқаны қайнатпас бұрын оны асүй сүлгісіне немесе шұлыққа салып, жақсылап айналдырыңыз. Оны оттан алған кезде толықтай сары уыздан тұратын керемет жұмыртқа аласыз.

Дайындаған: Аружан Махамбетова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!