Біліп жүр

H&M дүкені. Тігін шеберханасынан әлемдік брендке дейiн

H&M дүкенінің қалай брендке айналғанын білгіңіз келеді ме?

Hennes & Mauritz көбіне H&M белгісімен танымал швед компаниясы.  Еуропадағы ең ірі бренд. Ерлер мен әйелдерге және балаларға арналған киім, аяқ киім, сондай-ақ косметика сатумен айналысады. Balbal.kz сайты аталмыш бренд жайлы материал дайындады

Пайда болу тарихы

Эрлинг Перссон H&M дүкенінің негізін салушы. Бір қызығы, ол сән әлеміне қызықпаған, сыр өнімдерін тасушы болып жұмыс істеген. АҚШ-қа сапары кезінде арзан әрі сапалы киім дүкендеріне көзі түседі. Швецияға келгеннен кейін тігу шеберханасын ашады. «Hennes» деп атайды. Швед тілінен аударғанда бұл сөз «ол үшін» деген мағынаны білдіреді.

Компанияның даму кезеңдері

Өндірісті кеңейту үшін 1968 жылы «Mauritz Widforss» дүкенін сатып алады. Жаңа компания сапалы және арзан киім өндірісімен айналыса бастайды. Кейінірек «Mauritz Widfors» пен «Hennes» дүкендерін біріктіріп «Hennes & Mauritz» деп атайды. Уақыт өте келе қазіргі H&M-ге өзгерді.

70 жылдары бренд Еуропаға таныла бастайды. 10 жыл ішінде дүкендер Англия, Дания, Норвегия, Швейцария және Германияда пайда болды.

80 жылдары компания тізгінін Эрлингтің баласы Стефан Перссон өз қолына алады. Киім қолжетімді болу үшін бағасын төмендетеді. Бірақ киім сапасы төмендемейді. Осы кезде Еуропаның әр елінде дүкендері пайда болады.

90 жылдағы басты жетістік Париж қаласынан дүкеннің ашылуы.

2000 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін компания әлемде белсенді дамып келеді. Стефан Перссон 1998 жылы қызметтен кетіп, компанияны Фабиан Монсон мен Рольф Эриксен басқарды. 2009 жылдан бастап Стефан Перссонның ұлы Карл-Йохан Перссон басшы ретінде сайланады. Басшылардың ауысуына қарамастан брендтің даму бағыты өзгеріссіз қалды.

H&M компаниясы бүгінде

Бүгінде компанияның әлем бойынша 4000-нан астам дүкені бар. Дизайнерлер маусымның басты трендтерін анықтаумен айналысады. H&M осындай сән үйлерімен бірлесе отырып, киімдер топтамасы жасап шығарды.

Divided. Жастарға арналған сәнді желі. Күнделікті киімдерден басқа кешкі көйлектер топтамасын таба аласыз.

B & B. Кеңсе қызметкерлеріне арналған киімдер топтамасын шығарады. Қымбат маталармен ерекшеленеді.

Trend. Ерлерге арналған киім желісі. Күнделікті және классикалық киім топтамасын шығарады.

O.G.G. Белсенді өмір салтын ұнататындар үшін. Спорттық үлгідегі киім түрлерін ұсынады.

Momma. Компанияның дизайнерлері жүкті әйелдерді ескере отырып сәнді киім үлгілерін шығарады.

Киімнен бөлек H&M тұтынушыларға үй жиһаздарын ұсынады. Көп жағдайда жиһаздарды Дания, Финляндия, Германия, Нидерланд, Норвегия, Швеция елдері тұтынады.

2016 жылы H&M брендінің айналымы 25 миллиард долларды құрады, ал таза пайда 2 миллиард доллар.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!