Біліп жүр

Камера алдында еркін сөйлеудің 5 қадамы

Камера, мотор!

Камера алдында сөйлегенде, көпшілігі абдырап қалады. Ол орынды, себебі ешкім туа бітті оратор болып кетпейді. Тәжірибе мен дайындық арқасында қалаған нәтижеге жетуге болады. Назарларыңызға камера алдында еркін сөйлеу үшін не істеу керегін ұсынамыз.

Тапсырманың нәтижесіне назар аударыңыз

Осы бейнеден кейінгі жағдайды ойлаңыз. Сәтті аяқталғанын елестетіңіз.

Сонымен, камера алдында жақсы сөйлеп шығу үшін сізге мақсат керек. Бұл бейнені не үшін түсірудесіз?

Сіздің өніміңізді біреудің сатып алғанын көз алдыңызға елестетуге болады. Бұл сіздің қорқынышыңызды сейілтеді. Ойыңыз камера алдында қалай сөйлеймін емес, мақсатыма қалай жетемін деп өзгереді.

Энергияңызды бейнеге жолдаңыз

Сөйлеген кезде, оны жігерленіп, бар ниетіңізбен айтыңыз. Мұны істеу үшін денеңіз бен даусыңызды босату керек. Қысылу-қымтырылу сезімінен құтылыңыз. Мұнда сізге көмектесетін бірнеше пайдалы жаттығулар бар.

Бір орында секіру. Тосқауылдан босайсыз және өзіңізді жақсы сезінесіз. Энергияңыз бейнеден берілсін десеңіз, қаныңызды қыздырып, бейне алдында секіріп алыңыз.

«Маймыл бол». Өз шектеулеріңізден арылуыңыз керек, оларды артта қалдырыңыз. Айқайлаңыз, шыңғырыңыз, яғни маймыл сияқты әрекет етіңіз. Көпшілігі ақымақ болып көрінгісі келмейді, ұялады. Мәселе мынада — егер сіз қорқатын болсаңыз, камера сіздің сенімсіздігіңізді көрсетіп қояды. Ол жағымсыз көрінеді.

Досыңызға сөйлеп отырмын деп елестетіңіз

Егер сіз камераға жансыз зат ретінде қарайтын болсаңыз, жылулық пен жақындықты білдіру қиын. Камераға қарап досыңыз немесе күлкі сыйлайтын жақыныңызды елестеткен жөн. Сіздің бейнеңізді камера және басқалар емес, тек сол көріп отыр деп ойлаңыз.

Сценарийді жаттап алмаңыз

Жаттанды нәрсе керек емес. Ол бірден білінеді. Жаттанды мәтіннің бір сөзінен жаңылыссаңыз, бәрін ұмытасыз.

Жай ғана сөйлесіп үйреніңіз. Камераға қарап, белгілі бір тақырып туралы білетін барлық нәрсені айтыңыз. Сөзіңіз таусылып, не абдырап қалсаңыз, қайтадан бастаңыз. Жақсы шыққанша қайталай беріңіз.

Керемет сөйлем құра бастайсыз. Екіншіден, ақпараттар жүйелі түрде реттеле бастайды.

Өз шеберлігіңізді шыңдаңыз

Камера алдында өзіңіздің өнімділігіңізді жылдам әрі жылдам жақсарту үшін сиқырлы формула бар:

Камера алдында керемет сөйлеп жатқаныңызды елестетіңіз. Өз ойыңызда не айтқаныңызға мән беріңіз.

Түсіріп шығыңыз.

Бейнені қараңыз.

Бағалаңыз, не ұнап, не ұнамағанына назар аударыңыз.

Қайталаңыз.

Осы циклды қайталасаңыз, сіздің шеберлігіңіз тез жақсарады.

Есіңізде болсын, сенімділік, камера алдында дұрыс сөйлеу біртіндеп тәжірибемен келеді. Егер бұл бір күнде нәтиже болмаса, ұнжырғаңызды түсірмеңіз.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!