Біліп жүр

КонМари әдісі: Үйіңізді ретке келтіру арқылы өмірді реттеу

КонМари әдісі – үй жинаудың өзіндік үлгісі. Үй жинау біреуге жағымсыз іс болуы мүмкін. Сондықтан бұл әдіс оны қызықты етуге көмектеседі. Назарларыңызға жапондық әдістің қолданылуы мен үйді реттеудің пайдасын ұсынамыз.

КонМари деген не?

Оны жапондық үй тазарту жөніндегі кеңесші Мари Кондо ойлап тапты. Оны аты-жөнінің бірінші әріптерінен — ​​КонМари деп атайды. Мари Кондоның «Сиқырлы тазарту. Жапондардың үйді және өмірді тазарту өнері» кітабы» бүкіләлемдік бестселлерге айналды.

Маридің айтуынша,  үй тазалау – еден жуу мен шаң сүрту туралы емес. Тазалау – бұл заттарды тәртіпке келтіру. Үйдегі ойларыңыз бен істеріңізді реттеу. Жақындарыңызбен, өткен шақпен қарым-қатынасты келістіру.

КонМари қалай пайда болды?

Маридің өзі бала кезінен тазалау және үй жинау әдістеріне қызыққан. Ол қанша тәсіл қолданса да, нәтиже бір. Бірнеше күн өткеннен кейін, оның бөлмесі қайтадан шашылатын.

Бір күні Нагиса Тацумидің «Қажет емес нәрселерден арылу өнері» атты кітабын оқиды. Бұл кітап оның барлық әдістерінің тиімді емес екенін түсіндіреді. Қажетсіз заттардан арылғаннан кейін оның бөлмесінде мұндай тәртіпсіздік орын алмайды. «КонМари» әдісі осылай пайда болды: кез келген тазалау шашылудан басталуы керек.

КонМари арқылы қалай ретке келтіреміз?

Бірден артық заттардан құтылыңыз

Мари артық заттардан құтылуды созбауға кеңес береді. Бір мезетте аяқтаңыз. Ол сіздің үйіңіздің мөлшеріне және заттар санына байланысты. Көп созбай бітірсеңіз, үйіңізде өзгерістер байқалады. Сізде ерекше жеңілдік сезімі оянады

Орын емес, санат бойынша бөліңіз

Біз үй жинағанда, бірінші жатын бөлме, сосын келесі бөлме деп жинаймыз. Бұл кезде қажет емес заттарды бір орыннан екінші орынға итере береміз.

Бізде заттардың мөлшерін анықтау қиын. Киімнің бір бөлігі жатын бөлмедегі сөреде, бір бөлігі кіреберісте ілулі, енді бірі орындыққа қойылады. Осылайша бір санаттағы заттар бүкіл үйге таралады.  Егер біз бөлмеден бастап жинасақ, ол кішкене заттар үйді шашпайтындай көрінеді.

Сондықтан тазалауды санат бойынша жүргізу керек: киім, кітаптар, құжаттар, т.б. Барлық бөлмеде тұрған киімдерді бір жерге үйіп, ішін реттеңіз. Керек емесін лақтырыңыз, басқаларға сыйлаңыз, т.б.

Лақтыратынды емес, қалдыратынды анықтаңыз

Үйде біз ешқашан пайдаланбайтын, бірақ жақсы, қолайлы заттар көп. Лақтыру барысында: «мүмкін керек болар» деп алып қаласыз. Нәтижесінде барлық қажет емес зат өз орындарында қалады.

Назарды шынымен алып қалатын нәрсеге аударыңыз. Өзіңіздің себебіңізге емес, жүрегіңізге сенім артыңыз. Барлық затты бөлменің ортасындағы үлкен үйіндіге салдыңыз. Әр нәрсені өз қолыңызға алып, қайсысы қуаныш сыйлайтынын түсінуіңіз керек. Мұның мәні зат қажет пе, жоқ па дегенде емес. Зат сізге жағымды эмоциялар туғызып жатқанын сезуіңіз қажет. Егер қуаныш сыйламаса, онда бұл сіздің өміріңізді толтыратын өлі салмақ.

Лақтыруды жеңілдететін тағы бір кеңес – олармен қоштасу, сізге көрсеткен қызметі үшін алғыс айту. Егер сіз бірдеңе сатып алып, оны ешқашан пайдаланбасаңыз, ол сізге белгілі бір тәжірибе берді.

Жақындарыңызды бұл әдіске араластырмаңыз

Есікті жауып, өз заттарыңызды ғана реттеңіз. Жақындарыңыз жақсы нәрселерді тастағаныңызды көргенде, оларды сақтап қалуға тырысады.

Үйде басқалардың заттары шашылуы мүмкін. Бірақ олардан көре бермеңіз. Мүмкін таңғажайып әсерін көріп, сізден үлгі алуға бел буады. Кішкентай балаларыңыздікін өзіңіз реттейсіз. Ал үш жасқа толған болса, бірге реттеп, үйретіңіз.

Нақты санаттарға қатысты кеңестер

Киім

Тазалауды киімнен бастаңыз.  Мари киімді келесі ретпен бөлуге кеңес береді:

  • Топтар: футболкалар, жейделер, жемпірлер;
  • Киімнің төменгі бөліктері: шалбар, юбка;
  • Ілгішке ілінуі керек киім: курткалар, костюмдер, көйлектер;
  • Шұлықтар;
  • Іш киім;
  • Сөмкелер;
  • Бас киімдер, шарфтар, қолғаптар, белбеулер;
  • Аяқ киім.

Киімді маусымға сай емес заттардан бастаған дұрыс. «Мен бұл затты келесі жаз/қыста қайтадан кигім келеді ме?». Егер жауап жоқ болса немесе күмән туындаса, одан арылуға болады.

Кимейтін киімдерді үйге киемін деп алып қалмаңыз. Сіздің арнайы үй киіміңіз бар. Мұны киіп қалуыңыз екіталай.

Кітаптар

Оларды келесі санаттарға бөлген дұрыс:

  • Көркем-әдеби;
  • Қолданылатын: блокнот, анықтамалық, сөздіктер;
  • Суреттелген: фотоальбомдар, сурет кітаптары;
  • Журналдар.

Сіз әр кітапты қолыңызға алып, сізге қуаныш сыйлайтындығын сезінуіңіз керек. Бірақ ашып оқып көрмеңіз.

Ешқашан оқымайтын кітаптар көп. Егер әлі күнге дейін оны оқуға уақыт таппасаңыз, кейін де оқымайсыз. Шынымен керек болатын кітаптарды сақтаңыз.

Құжаттар

Іскери хаттар, газеттер, түбіртектер, құжаттар, ескертулер, жазбалар, мектеп кітапшалары, тұрмыстық техникаға арналған нұсқаулық, кепілдік талондары осы санатқа жатады. Әркімнің өздеріне қажет құжаттардың түрлері болатыны түсінікті. Құжаттарды  үш санатқа бөлу керек:

  • Қажет емес. Оларды дереу тастаңыз;
  • Шешу керек мәселелер: жауап беру керек хаттар, оқығыңыз келетін газеттер, бақылау жүйесіне қосқыңыз келетін чектер. Сіз олармен айналысқаннан кейін оларды дереу тастау керек;
  • Нені сақтау керек: шоттар, салық құжаттары, медициналық сақтандыру туралы анықтама. Осы санатты қайта қарап, қажет емес нәрсені тастаңыз. Жарамдылық мерзімі өткен кепілдік карталары, электр энергиясының былтырғы төлемдері енді керек болмайды.

Әр түрлі

Жоғарыдағыға жатпайтынның бәрі кіреді:

  • CD және DVD;
  • Гигиена құралдары;
  • Косметика;
  • Құнды заттар: төлқұжаттар, несиелік карталар;
  • Электрлік құрылғылар;
  • Тұрмыстық техника: кеңсе тауарлары, тігін жиынтықтары, құралдар;
  • Үйдегі заттар: дәрі-дәрмектер, жуғыш заттар, дәретхана қағазы;
  • Ас үйге арналған тауарлар мен азық-түлік.

Олардың өзіндік қызметі бар. Алайда үйді толтыратын да осылар. Қалай реттейміз:

  • Монеталар мен ұсақ ақша. Егер сіз оларды тапсаңыз, оларды тікелей әмиянға салыңыз.
  • Қажет емес болып көрінген сыйлықтар: хош иісті таяқшалар, кілт сақиналары, магниттер, шыныаяқтар, керамикалық мүсіншелер, т.б. Сізге тек қуана-қуана пайдалануға болатын нәрсе берілсе жақсы болар еді. Осы нәрселерден арылыңыз.
  • Қораптар. Олар тек көшкенде керек. Оларды сақтаудың қажеті жоқ. Керек кезде дүкендерден сұрап аласыз.
  • Түсініксіз электр сымдары мен бөлшектері. Егер сіз осы баулар мен тоқтардың не екенін білмесеңіз, оларды пайдаланбайсыз. Бұларды тастаңыз.
  • Косметика. Жарамдылық мерзімін қараңыз. Өтіп кетсе, лақтырыңыз.
  • Тегін жарнамалық заттар: қаламдар, сыра ашатын орындар, блокноттар, қалта күнтізбелері, стикерлер. Бәрін лақтырыңыз.

Естеліктер

Сізге эмоционалды құндылығы бар кез келген зат: фотосуреттер, күнделіктер, ашық хаттар, сапар кәдесыйлары, мектептегі балалар қолөнері. Бұл ең қиын категория, өйткені ондағы заттар жылулық береді.

Естеліктер категориясымен жұмыс істеу – сіздің өткен өміріңізбен күресудің ерекше тәсілі. Егер заттар сізді шынымен бақытты етсе, онда сақтаңыз. Егер сіз жай үйреніп қалсаңыз, онда лақтырыңыз.

Реттеу кезеңі

Бәрін лақтырдыңыз, енді қалғанын орнына қою керек.

Бір санат – бір орын

Киім тек бір жерде, кітап бір жерде сақталсын.

Әр нәрсенің өз орыны болуы керек

Сонда сізге заттың қай жерде екенін есте сақтау оңай болады. Заттарыңыз төсекке, орындықтарға және т.с.с. лақтырылып жатпайды.

Тігінен жинаңыз

Заттарды көрінетіндей етіп жинаңыз. Кітапты сөреге тігінен қойыңыз. Киімді тігінен бүктеңіз.

Ең жақсы сақтау құралы – аяқ-киім қорабы

Оған іш киімдер мен шұлықтарды қою ыңғайлы.  Косметика, кеңсе тауарлары және тұрмыстық керек-жарақтарды да бөлуге болад

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!