Копирайтинг

Максим Ильяхов: Мәтін жазғанда ескеретін жайттар

«Жаз, қысқарт» кітабынан алынған кеңестер

Максим Ильяхов – жазушы-копирайтер, «ГлавРед» мәтін тексеру қызметінің негізін қалаушы. «Жаз, қысқарт», «Мықты мәтіннің қарапайым ережелері» кітаптарымен танымал. Balbal.kz мотивациялық сайты Максим Ильяховтың мәтін жазу процесіне арналған кеңестерін материал ретінде дайындады.

Максим Ильяхов кім?

Ол редакциялау, мазмұнды маркетинг, тұтынушылармен қарым-қатынас туралы төрт жүз мақаланың авторы. «Тинков» журналының бас редакторы болды. Қазіргі таңда maximilyahov.ru сайтында блог жазады, редакторлық жұмыс жөнінде кеңестер береді.

«Жаз, қысқарт» кітабынан…

Бұл кітап мидағы тәртіп, реттілік туралы. Мида реттілік болса, мәтіндегі реттілік өздігінен пайда болады.
Ең жақсы мақала – оқырман оқып болғаннан кейін: «жақсы жазылған» деп айтқан материал емес, автордың ойындағы дүние жүзеге асқан мақала.
Мәтінді мықты ету үшін оны қандай да бір себептермен оқырманға пайдалы етуден бастаңыз. Пайдаға жарата алмайтын мәтін ешкімге керек емес, тіпті әдемі жазылған болса да.
Егер сіз психология немесе медицина туралы жазбасаңыз, онда психологиялық және медициналық терминдерді қолдану — орынсыз.
Тәжірибесіз копирайтерлер мен көптеген клиенттер корпоративті штамптар мәтінді мықты етеді деп ойлайды. Бірақ компанияның маңыздылығы әдемі сөздермен емес, күшті фактілермен беріледі.

Автор әрдайым оқырманмен адал болуға, проблемалардың алдын алуға және олар туралы тікелей айтуға қорықпауы тиіс. Адалдық — бұл ең жақсы стратегия.

Мәтінді мықты ететін нәрсе – оқырманға жанашырлық.

Мәтін жазғанда ескеретін жайттар
Ұнаған нәрсені жазу

Өзіңізге ұнайтын тақырыпта ғана жазыңыз. Клиентке немесе оның өніміне күмән тудырсаңыз, тапсырысын қабылдамаңыз.

Тіпті қомақты сомма ұсынғанымен өзіңізге сенімді болмасаңыз, сіз жақсы мәтін жаза алмайсыз.

Оқи отырыңыз: «Копирайтингтің типтері мен түрлері»

Мысалдар

Мықты мәтіннің басты құпиясы – мысалдар. Стоп сөздер, драма, шабыт емес, жазушы ағымы емес. Мысалдар және мәтіннің тереңдігі.
Мысал сіздің тезисіңізді шынайы етеді. Тереңдік дегеніміз — шындықты түрлі жағынан көрсету: қаншалықты жақсы және қаншалықты жаман; қаншалықты дұрыс және бұрыс;
Маркетолог былай жазғанын көрген боларсыздар: «Біз жұмыс істедік және керемет нәтижелерге қол жеткіздік». Қандай жұмыс? Нәтижелері қандай? Егер сіз жұмысты істемесеңіз, нәтижесі қандай болмақ? Әдетте қандай жұмыс орындалады? Бір-екі мысал көрсетілсін.

Оқи отырыңыз: «Копирайтинг. Мәтін мүмкіндігі және клиент табудың 7 жолы»

Шынайы фактілер

Фактілер болжамға қарағанда сенімдірек. «Қысқа мерзімді веб-сайт» дегеннен «10 күндік веб-сайт» деген түсініктірек. «Әр тапсырысты мұқият тексереміз» дегенше «15 критерий бойынша тексереміз» деген сенімді естіледі.
Бірақ мынадай фактілер әлсіз мәтіннің белгісі:
Қазіргі уақытта адамдардың 99%-ы бизнес-кітаптарды оқиды, бірақ 1,5%-ы алған білімдерін өмірде қолданады.
Адамдардың 75%-ы Париждегі террорлық шабуылдар туралы айтады.
Университет түлектерінің 99%-ы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді.
Адамдардың 99%-ы іскери кітаптарды оқиды деп айту үшін олар статистикалық маңызды іріктеме жүргізуге мәжбүр болады. Ол көп жылдық зерттеуді талап етеді. Бірақ олар бәрінен осындай сауал алды деуге келмейді. Демек өтірік материал.
«Университет түлектерінің 90%-ы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді» дегеннің дұрысы:
«Менің 20 группаласымның ішінен төртеуі ғана 5 жылдан кейін мамандық бойынша жұмыс істеді».
Мәтінмен жұмыс істеу менің жұмыс уақытымның 20%-ын құрайды.
Қызығып бір аптаның ішінде жұмыста мәтін жазуға, клиенттерге, жиналыстар мен хат алмасуларға қанша уақыт кететінін есептедім. 60 сағаттың 12-сі мәтін жазуға кетеді.

 

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!