Біліп жүр

Сериалдар: Танымыңызды кеңейткіңіз келсе

Танымыңызды кеңейтетін сериалдар

Сериалдар бүгінгі уақытта кинематографияда үлкен мәнге ие. Бірнеше бөлімдік шағын сериалдардан бастап, бірнеше маусымға дейін созылатын сериалдар да бар. Әрі түрлі жанрларды да қамтуда. Balbal.kz танымыңызды кеңейтетін ғылыми сериалдар тізімін дайындады.

         Explained, Netflix, 2018 (Түсіндіру)

Сериал ұзақ емес. 15-20 минутқа созылатын 20 бөлімде әр түрлі тақырыптарды қозғайды. Мәселен, шексіз өмір, криптовалютаның өсуі және т.б. Ал деректердің растығына әр салада тексерілген қонақтар кепіл бола алады.

Explained
@game-ost.ru

Big, Bigger, Biggest, National Geographic, 2008 (Үлкен, үлкенірек, өте үлкен)

«National Geographic» арнасы ұсынған телевизиялық сериалда инженерия саласындағы заманауи жетістіктер жайлы баяндалады. Сериал 3 маусымға созылған. Әр бөлімінен жаңа өнертабыстар мен әлемдегі күрделі құрылымды ғимараттар жайлы біле аласыз.

Big, Bigger, Biggest
@ru.wikipedia.org

Our Planet, Netflix, 2019 (Біздің ғаламшар)

Бұл – табиғат жайында түсірілген жаңа деректі фильмдердің бірі. Түсірілім 4 жылға созылған және 50 елдің аумағында өткен. Аталмыш сериал Netflix және BBC студияларының қатысуымен түсірілді. Сериал өзінің сапасымен, табиғат аясындағы ерекше кадрлардың көп болуымен ерекшеленеді. Басты идея – адамдардың араласуы және климат өзгеруінің қоршаған ортаға әсерін көрсету.

Our Planet
@kinopoisk.ru

Brain Games, National Geographic, 2011 (Ми ойындары)

«Brain Games» сериалы біздің мүмкіндіктеріміз жайлы баяндайды. Бұл жай ғана деректі фильм емес, ойын элементтері бар шоу. Әр эпизодында ми жұмысының құпиясы мен мүмкіндіктерін практика жүзінде көрсетеді.

Сериалды тамашалау арқылы әлеуметтік экспериментке қатысасыз, өз жадыңызды жақсартуға мүмкіндік аласыз. Ғылыми ақпарат көрерменмен әңгіме негізінде жеткізіледі.

Brain Games
@kinopoisk.ru/

Street food, Netflix, 2019 (Көше тағамы)

«Netflix» студиясы ұсынған кезекті деректі фильмдердің бірі. Ерекше аспаздық шоу сізді әр елдегі көше тағамдарының түрлерімен таныстырады. Сериалдан тағамдардың құрамы мен жасау әдісін біле алмайсыз. Дегенмен оның тарихы жайлы ақпарат алып, көшеде тағам сататын адамдардың өмірімен танысасыз.

Сериалдың алғашқы маусымы Азияда түсірілген. 9 түрлі елдегі көше тағамдарын көрсетеді. Әр бөлімі стритфуд әлемі мен өзге елдердегі адамдар өмірімен таныстырады.

Street Food
@rezka.ag

Cosmos: A Spacetime Odissey, Fox, 2014 (Ғарыш: Ғарыш уақытының Одиссеясы)

Ғалам жайлы танымал және жоғары рейтингке ие сериалдардың бірі. 2 маусымнан тұратын жобада тек ғарыш жайлы ғана айтылмайды. Сериал эволюция мен түрлердің шығу тарихы жайлы да сөз қозғайды.Сонымен қатар тарихи тұлғалар жайлы әңгімеленеді. Ұлы ашылулар жайлы мол ақпарат ала аласыз.

Деректер түсінікті, көрініс пен дыбыс сапасы да жоғарғы деңгейде.

Cosmos: A Spacetime Odyssey
@megogo.net

Abstract: The Art of Design, Netflix, 2017

Сериал 8 бөлімнен тұрады. Мұнда белгілі дизайнерлердің тарихы мен белгілі ғимараттардың салынуы жайлы баяндалған. «Netflix» ұсынған бұл деректі фильм өзінің деректілігі мен жоғары сапасы арқылы ерекшеленеді.

Abstract: The Art of Design
@kinopoisk.ru
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!