Копирайтинг

Вик Швабтың сиқырлы 100 тақырыбы

Вик Шваб жарнамасы

Вик Шваб – атақты копирайтер. Мәтін тақырыбымен мықты дейді ол. Вик Швабтың сиқырлы 100 тақырыбы оған миллиондаған доллар алып келді. 

Вик Шваб туралы

Виктор Шваб (1898-1980) Rathrauff & Ryan компаниясында Максвелл Сакхаймның хатшысы болды. Саххеймнің жарнамалық мәтінін жазып жүріп, копирайтингке бет бұрды.

Шваб жиі зерттеу жасады. Ол кодталған купондық жарнамалардың нәтижелерін бақылады. Ол контент пайда болғанға дейін маркетолог болған. Шервин Коди, Дейл Карнеги және Чарльз Атлас сияқты клиенттер үшін жарнамалық комикстерді жасаған.

Қазіргі таңда Шваб «Қалай жақсы жарнама жасау керек», «Вик Швабтың сиқырлы 100 кітабы» еңбегімен танымал.

Вик Шваб жаңалығы

Виктор Шваб копирайтингке енгізген жаңалығы — бұл өнімнің пайдаланылуын көрсетуі. «Қалай жақсы жарнама жасау керек» кітабында ол былай деп жазады:

«Сіздің жарнамаңызда өнімді көрсету көбірек назар аудартады. Өнімді қалай пайдалану керектігін және тұтынушы нені алатынын көрсетіңіз. Бұл өнімді тұтынушыға жақындатады және оны одан әрі пайдалануға деген қалауын арттырады».

Сиқырлы 100 тақырып тарихы

Вик Шваб мәтіннің жақсы болуы тақырыпқа байланысты деп  баға береді. Ол копирайтингтегі AIDA формуласының 1-ші қадамына зейін қойған. Яғни тақырып назар аударту керек. Тапсырыс қабылдап жүрген кезінде 1958 жылы жарнамалық агенттігін ашуға бел буады. Ол бірінші болып өзінің үздік 100 тақырыбын тізіп, агенттіктің жоспарына енгізді. Соның ішінде авторға миллион доллар табыс әкелген тақырыптар мынандай:

Сізді бәрі жақсы көрсін десеңіз…

The secret of making people like you

Жарнама құны жарты миллион долларды құраған. Есесіне жүздеген мың адамдардың назарын аудара алды. Тақырыпқа қарсы тұру қиын, өйткені әр адам оны жақсы көргенін, бағалап, құрметтегенін қалайды. Адамның психологиясына бағытталған.

Фермердің 3000 долларға татитын кішкентай қателігі

A little mistake that cost a farmer $3000 a year

Бұл тақырып ферма дүкендеріндегі жиі қолданылды.

Егер сізге жұмыста сіз бірнеше мың шығынға бататын қателік жібердіңіз десе, сізді қызықтырады ма? Әрине! Бұл тақырыптың құпиясы — адам жаңа нәрсені алуға емес, бар нәрсесін жоғалтпауға тырысады.

Осы тақырыптың екінші маңызды жағы — көрсетілген қате «кішкентай», демек оны түзету оңай. Оқырман ішінен: «Мен бұл қателікті қайталап жүрген жоқпын ба?» деп ойланады.

Күйеуі ақшаны орынсыз жұмсайтын әйелдерге күйеуі сондай әйелден кеңес

Advice to wives whose husbands don’t save money – by wife

Тақырыптың мықтылығы мынада:

Біріншіден, кеңес ешкімге артық етпейді. Кеңестерді оқу пайдалы.

Екіншіден, кеңесті дәл осы жағдайды бастан өткерген әйел жазған. Мұның эффективтілігі жоғары болады.

Әлемді таңқалдырған бала

The child who won the hearts of all

Тақырыптың өзі аса күшті емес. Алайда ол қолданылған контексте қатты әсер қалдырды. Жарнама әйелдер дүкендеріне орналастырылды. Негізгі мәтін өте эмоционалды болды. Оған күлген, қобалжып, оқырманға қолын созған кішкентай қыздың суреттері ілінген.

Көпшілік алдында ұялып, сөйлей алмайсыз ба?

Are you ever tongue-tied at a party?

Өте мықты тақырып, оқырманның жанды жеріне тиеді. Мұны тақырыпша арқылы «Жалғасын оқыңыз, бұл мәселені бірге шешеміз» деген сияқты жалғастыруға болады. Адамдар үшін оның кемшілігін бетіне басу жағымсыз.

Қолыңыз 24 сағатта әдемірек болады немесе ақшаңызды қайтарамыз

Hands that look lovelier in 24 hours – or your money back

Үздік ұсыныс. Кепілдік береді. Тұтынушы екі жағдайда да жеңілмейтінін сезеді.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!