Біліп жүр

8 наурыз. Аналарға арналған сыйлықтар

Сыйлық таңдау әсте оңай емес

Әйелдерге сыйлық таңдау әсте оңай емес. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ерлердің абыржып қалатыны да содан. Balbal порталы осы күні аналарын қуантқысы келетін, бірақ қандай сыйлық аларын білмейтін жандар үшін арнайы «8 наурызға аналарға не сыйлауға болады?» деген топтама жасады. Назар салыңыздар!

Массажер алыңыз. Күні бойы үйдің, отбасының қамымен зыр жүгіретін аналарымыз кешке шаршап қалады. Сүйікті телехикаясын көріп отырып ой сергітетіндері рас. Алайда бой сергектігін де ойластырған жөн. Массажердің мүмкіндіктерін пайдаланып, дене ауырсынғаны басылса, анаңыздың сізге айтар алғысы шексіз болады. Бастысы, сапалы, сенімді түрін сатып алғаныңызға көз жеткізіңіз.

Санаторийге жолдама алыңыз. Той-томалақ болмаса, аналарымыз ешқайда сапарлатып шықпайтыны белгілі. Күнделікті күйбең тіршілік, жұмыс, ас үй, бала-шаға қамы – күндердің бір күні шаршататыны рас. Анаңыздың денсаулығын, жан саулығын ойласаңыз, кемінде бес күнге демалып келуге (әкеңізге де билет алуды ұмытпаңыз) санаторийге жолдама сатып алып беріңіз. Анаңыз ел-жер көреді, жаңа құрбы-құрдас табады. Сонымен қатар естен кетпес естеліктері көбейіп, шаттана түседі.

Концертке билет алыңыз. Отандық эстрада жұлдыздары бір жыл бойы жоспарлаған концерттік қойылымдарын тура 8 наурыз қарсаңында беруді жөн санайды. Ертерек қамданып, анаңызға сахна жақсы көрінетін орыннан билет сатып алып беріңіз. Мүмкіндігіңіз болса, құрбыларына не құдағиларына да қоса билет алыңыз. Мұндай жағдайда анаңыз қуанып қана қоймай, сізбен мақтанып, марқаяды. Билетті үлкен кісілер сүйіп тыңдайтын Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева сынды әншілердің немесе «Дос-Мұқасан», «МузАрт», «Жігіттер» сияқты топтардың концертіне алсаңыз, тіпті, керемет!

Сертификат алыңыз. Сатып алған затымыз анамызға ұнамай қалуы әбден мүмкін. Сондықтан жаңа нарықтың жаңалықтарын барынша пайдаланыңыз. Мысалы, кез келген зергерлік компанияның немесе киім-кешек брендінің белгілі бір сомаға сай сертификатын болады. Сондай сертификаттың сыйласаңыз, анаңыз сол дүкенге барып, қалаған затын өзі асықпай таңдап алады. Алдын-ала не қалайтынын білсеңіз, қандай сертификат аламын деген сұрақ туындамайды.

Иіссу алыңыз. Анаңызға қандай иіс ұнайтынын білу үшін жақындарыңыздың көмегіне жүгініңіз. Алдын-ала білдіртпей сұрап алуға болады. Бастысы иіссу оригинал болсын. Француздың әтірін қалтаңыз көтермесе, Фаберлик, Орифлейм сынды компаниялардың да иіссулары жарайды.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!