Біліп жүр

Қақталған тауық еті мен ерітілген ірімшіктен дайындалған дәмді сорпа

  • Қақталған тауық- 300 гр
  • Ерітілген ірімшік – 3 қасық
  • Картоп — 3 дана
  • Сәбіз — 1 дана
  • Пияз — 1 дана
  • Аскөк – бетіне арнайы себу үшін
  • Тұз және т.б дәміне қарай
  • Өсімдік майы – қуыру  үшін

Қақталған тауықты қайнатамыз. Піскеннен кейін сорпадан алып, тураймыз. Сосын сорпаға қайтадан саламыз. Картопты төртбұрыштап турап, сәбізді үккіштен өткізіп аламыз.

Пиязды сары түске енгенше қуырып, сорпаға қосамыз.

Ерітілген ірімшікті дайындап, баяу отта 15-20 минуттай ұстаймыз. Дайын болған соң, ерітілген ірімшік пен майдаланып туралған аскөкті сорпаның бетіне себеміз.

Ас болсын!

Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!