КеңесТабыс

Масааки Имаи — кайдзен жүйесінің әкесі

Жапондық компаниялардың табысқа жету кілті

Масааки Имаи 1930 жылы Токио қаласында дүниеге келген «үздіксіз даму» тұжырымдамасының негізін қалаушы «lean-гуру». 

Ол 1955 жылы Токио университетінің бакалавр дәрежесін алғаннан кейін халықаралық қатынастар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыру оқу орнында қалды.

1962 жылы Cambridge Corporation консалтингтік компаниясының негізін қалады. Бұл компания басқару бойынша кеңес беруге әрі менеджерлерді іріктеуге маманданған. Имаи мырзаның жеке өзі Жапониядағы 200-ден астам шетелдік және бірлескен кәсіпорындарға қызметкерлерді таңдау, басқару және ұйымдастыру ісі бойынша үлкен көмек көрсеткен. 1976 жылдан 1986 жылға дейін Жапонияның рекрутингтік агенттіктерінің президенті қызметін атқарған.

Масааки Имаи «Кайдзен: жапондық компаниялардың табысқа жету кілті» (1986) және «Гемба Кайдзен: шығындарды азайту және сапаны жақсартудың жолы» (1997) деген кітаптардың авторы. Бұл кітаптар француз, орыс, неміс, португал, испан, қытай сынды бірқатар тілдерге аударылған.

Масааки Имаи 1985 жылы Кайдзен ұғымын, жүйелерін және құралдарын іске асыруға көмектесу үшін әлемнің 30-дан астам елінде кеңселері бар KAIZEN Institute Consulting Group консалтингтік компаниясының негізін қалады.

Масааки Имаи соңғы 30 жыл ішінде кайдзенге, жасанды өндіріске және басқа да басқару жүйелеріне қатысты көптеген дәрістер өткізіп, ұйымдарға бизнес-жүйелерді дамытуға кеңес берумен айналысты. Оны «Кайдзен жүйесінің әкесі» деп те атайды. Себебі, ол осы пәлсапаны әлемге таратушы алғашқы адам.

«Кайдзен: жапондық компаниялардың табысқа жету кілті» кітабы 

Кітаптың түпнұсқа атауы: «Кайдзен: Жапонияның бәсекеге қабілеттіліктегі табысының кілті». 
Кайдзен — біз жасайтын барлық нәрселерді ұдайы жетілдіре отырып, адамдардың игілігіне жарайтын нақты әдістер мен технологияларды жүзеге асыру.
«Кайдзен» тұжырымдамасы Жапонияда дүниеге келгенімен, ол бүкіл әлемде кеңінен таралған және өнеркәсіпте ғана емес, сондай-ақ қызмет көрсету секторы мен қоғамдық ұйымдарда да өзінің тиімділігін сан мәрте дәлелдеген.
Масааки Имаи ең алғаш рет «Кайдзен» терминін осы кітап арқылы енгізді және Жапониядан тыс жерлердегі оқырмандарға жапондық басқарудың керемет мүмкіндіктеріне назар аударуды ұсынды.
Ең алдымен, бұл кітап түрлі салалардағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына бағытталған. Сондай-ақ, барлық деңгейдегі менеджерлерге, сапалы қызметке, персоналды басқару, маркетингке қызығатындарға арналған. Басқару бағытындағы мамандықтарды оқып жүрген студенттер мен магистранттар бұл кітаптан көптеген пайдалы мағлұмат табады.

«Гемба Кайдзен: шығындарды азайту және сапаны жақсартудың жолы» кітабы

Кітаптың түпнұсқа атауы: «Гемба Кайдзен: Коммерсантура, менеджмент үшін арзан көзқарас».
Гемба Кайдзен — қосылған құн және тұтынушымен қарым-қатынасқа тікелей қатысы бар ұйымдардың қызметінің маңызды қырларын үздіксіз жақсарту. Бірінші кезекте оған өндірістік үрдістер мен сауда байланыстары жатады.
Кітапта ақылға қонымды және көп ресурс жұмсауды талап етпейтін шешімдер ұсынылған. Даму үрдісі кезіндегі менеджерлердің, орта буын басшылар және орындаушылардың рөлі мен жауапкершілігі қарастырылады. Автомобиль, сақтандыру, электроникадан химияға дейінгі әртүрлі іскерлік салалардан көптеген мысалдар келтірілген.
Кітап өз компаниясын жетілдірудің тәсілдерін ойластырып жүрген, ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін арттырғысы келетін әртүрлі дәрежедегі менеджерлерге, басшыларға арналған. Кітапта жетекші жапондық фирмалардың қазіргі заманғы тәжірибесі жазылған. Бұл туынды тек қана менеджмент, маркетинг, сапа, логистика және бизнес жасауды үйреніп жүрген студенттер мен магистранттарға ғана емес, сондай-ақ заманауи экономикалық ойды дамытқысы келетін барлық адамдарға қызықты болады.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close