
Жапондар адамдардың күнделікті жүріс-тұрысын бүге-шүгесіне дейін ойластырып қойған ұлт. Олардың жазылмаған заңдары көп. Сол себепті, Күншығыс елінде тәртіп жақсы сақталады және қоғамның әр мүшесі қай жерде болсын өз орнын біледі. Мысал ретінде лифтті алайық.
- Жапонияда лифтке бірінші болып кірген адам — «лифт капитаны» атанады.
- Лифт капитаны қабаттар саны мен есікті жабу, есікті ұстау батырмалары орналасқан панельдің жанына тұруы керек.
- Оның алғашқы міндеті: сырттағы барлық адам ішке кіргенге дейін лифт есігін ұстап тұру.
- Одан кейін лифт капитаны ішке кірген адамдар баратын қабаттарды анықтап, оны панельге енгізуі тиіс.
- Егер ол өз қабатына жетсе, капитан ретінде алдымен сол қабаттан түсетін басқа адамдардың шыққанын күтуі керек.
- Одан кейін капитандық атақ панелге ең жақын тұрған басқа адамға көшеді. Ол лифттің жаңа капитаны ретінде ескі капитан шыққанша есікті жаппай, ұстап тұрады.
Оқи отырыңыз: Икигайды анықтаудың ең оңай тәсілі
Күншығыс елінде жүріп лифтке мінсеңіз осы ережелерді ұмытпаңыз. Ал, лифт капитаны болу тым күрделі деп есептесеңіз, онда Жапонияда лифтке бірінші болып кірмеңіз.