Super Келін

Сарымсақ қосылған тоқаш

Мәзіріңізге қажет тағам

  • 300 мл жылы су
  • 1 шай қасық қант
  • 10 г құрғақ ашытқа
  • 750 г ұн
  • 1½ шай қасық тұз
  • 1 жұмыртқа
  • 70 г сары май
  • 3-4 ас қасы су май
  • Сарымсақтың 4 бөлігі
  • Талғамға байланысты аскөк қосуға болады
250 мл жылы суды тегешке құйыңыз. Суға қант пен ашытқыны қосып 2 минутқа қалдырыңыз. Одан кейін 1 стақан ұн мен 1½ шай қасық тұзды араластырыңыз. Бетін жауып, жылы жерге қойыңыз.
Қамыр 2 есе көтерілгенде оған жұмыртқаны қосып, су майды құйыңыз. Артынша бәрін араластырып отырып, қалған ұнды біртіндеп сеуіп отырыңыз. Қамырды жақсылап илеп, қолға жабыспайтындай жағдайға жеткенде қайтадан тегештің бетін жауып, жылы жерге 60 минутқа қойыңыз.

Уақыты келгенде қолыңызды су маймен майлап, қамырды жақсылап илеңіз де кішкентай тоқаштар жасаңыз. Оларды май жағылған жалпақ қаңылтыр табаққа (противень) салып, бетін жауып, тағы 30 минутқа қалдырыңыз.

Пешті алдын ала 200 °C дейін қыздырып, тоқаштарды 20–25 минут пісіріңіз.

Кішкене тегешке 4 ас қасық су, 2 ас қасық су май құйыңыз да оған ұсақталған сарымсақ пен аскөк, тұз қосыңыз. Тоқаштар дайын болғанда бетіне осы қоспаны жағыңыз.

Ас болсын!

 

Тег
Көбірек көру

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close