Табыс

Эйнштейн айтқан нақылдар

Альберт Эйнштейннің өмірлік сабағы

  • Ешқашан қателеспеген адам — ешқашан жаңа нәрсе жасап көрмеген адам.
  • Білім — мектепте үйреткен барлық нәрсені ұмытқан кезде есіңде қалатын дүние.
  • Өз қиялымда мен суретті суретші сияқты еркін сала аламын. ҚиЯл білімнен де маңызды. Себебі, білім шектеулі. Ал, қиял бүкіл ғаламды қамтиды.
  • Шығармашылықтың құпиясы шабыт көздерін өзгелерден жасыра білуде жатыр.
  • Адамның құндылығы оның жетуі мүмкін жетістігімен емес, қазір беріп жатқан дүниесімен өлшенуі тиіс. Жетістікке жеткен адам болғанша, құнды адам болуға ұмтылыңыз.
  • Өмір сүрудің екі жолы бар: сіз таңғажайып дүние жоқ деген оймен немесе бұл ғаламдағы барлық нәрсе ғажайыптың нәтижесі деген сеніммен өмір сүре аласыз.
  • Өзімді және ойлау жүйемді зерттегенде, мен үшін абстрактылы ойлауға қарағанда қиялдай алу қасиетімнің маңызы зор екенін түсіндім.
  • Қой отарының міні жоқ мүшесі болу үшін, алдымен қой болуың керек.
  • Алдымен ойынның ережесін біліп алу керек. Содан кейін ғана басқалардан жақсырақ ойнауды бастай аласың.
  • Сұрақ қоюды тоқтатпау өте маңызды. Қызығушылық қасиеті адамға жайдан жай берілмеген.

 

Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close