Кітап

Кітап жүктеуге мүмкіндік беретін сайттар

Кітап оқуға қалайсыз?

Кітап оқу – өзіңізге құйған ең пайдалы инвестиция. Электронды кітапты оқуға құлшыныс зор. Себебі оны арқалап жүрмей, ақша кетірмей смартфоныңыздан ашып оқи аласыз. Ендеше Balbal.kz мотивациялық сайты онлайн кітапхана сайттарын ұсынады.

Самолит (Samolit.com)

Самолит сервисімен кітапты тегін әрі еш тіркелмей, оңай жазып аласыз. Бұл сайттың ерекшелігі өз кітабыңызды сайтқа шығара аласыз. Жас жазушылар үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Сайттағы кітаптарды fb2, epub, txt форматында жүктейсіз. Онымен қоса сайттың жеке түрлендіргіш функциясы бар. Яғни өз қалауыңызға қарай басқа форматтарға өзгерте аласыз. Виртуалды кітапхана құрсаңыз да болады. Сайттың жаңалықтар бөлімінде жаңа кітап не жаңа туындылар туралы хабар беріледі. Осы арқылы баспа әлемінен хабардар боласыз.

Гутенберг (Gutenberg.org)

Сайтта 46 000-нан аса кітап қоры бар. Сайттан бірнеше тілді кітаптарды кездестіре аламыз: ағылшын, португал, неміс, итальяндық, т.б. Сайт белгілі бір тақырыптарды қамтымайды, жанрлар бойынша бірнеше бөлімдерге бөлінген. Кітапты бірнеше форматта жүктеп алуға болады. Сонымен қатар Dropbox, Google Drive. Microsoft OneDrive сервистері арқылы бұлтқа сақтай аласыз.

Литрес (litres.ru)

Литрес – электронды кітаптар дүкені. Алайда тегін бөлімде 26 000 кітап бар. Оның ішінде классикалық туындылар, жаңашыл бестселлерлер және must read санатындағы кітаптар бар. Кітаптарды жазып алу үшін сайтқа тіркелу керек.

Алайда онлайн оқығыңыз келсе, тіркелу міндетті емес.

Альдебаран (ru)

Альдебаран электронды кітапханасы өзін әдебиет порталы есебінде қарастырады. Яғни сайтта әлем әдебиетінің туындыларын көре аласыз. Кез-келген кітапты тегін әрі сайтқа тіркелмей оқи аласыз. Кітапты жүктеп алу үшін өзіңіздің қолданатын смартфон түрін көрсетіп, қалаған форматта жүктеуіңізге болады. Жүктеп алмас бұрын кітаптың қысқаша түсініктемесі тұрады. Одан бөлек кітап үзінділерін оқи аласыз.

Сайттағы талқылау бөлімінен кітаптар рейтингін жасасаңыз болады. Кітапты оқып шыққан соң өз пікіріңізді қалдырасыз. Қандай кітап оқитыныңызды білмесеңіз, өзге қолданушылармен пікір алмасыңыз.

Литмир (me)

Бұл сайтта кітаптарды не онлайн, не жүктеп алып оқуға болады. Кітаптар мұрағатында 75 000 автордың 210 000-нан аса кітабы сақталған. Тек сайттың модераторы емес, кез келген қолданушы кітапты салуға құқылы. Алайда «антипират құқығына» сәйкес «Эксмо» баспасының талабымен сайтты бұғаттап тастаған. Алайда сол шығарманы өшіргеннен кейін сервис қайта жұмысын жалғастырды.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!