Компас

Су асты мұражайы – туристерді таңғалдыратын ғажап орын

Кораллариум мұражайы қайда орналасқан?

Су асты мұражайы барын білесіз бе? Әлемде сан мың түрлі керемет бар.  Balbal.kz сайты су астында орналасқан мұражайлардың тізімін ұсынады. Осы мұражайды көру бақыты сізге бұйырсын!

Канкун мұражайы. Мексика

«Museo Subacuatico de Arte» мұражайы 2010 жылы 27 қарашада ашылды. Кариб теңізінің түбінде, курорттық Канкун қаласының маңында орналасқан. Мұражай 420 м² аумақты алып жатыр. Мүсіндер 2-10 метр тереңдікте орналасқан. Су астында 500-ге жуық мүсін бар. Оның 487 мүсінін мұражайдың негізін қалаушы Джейсон де Кайрес Тэйлор жасаған. Мүсіндердің көпшілігі адам пішіні, бірақ машина мен үйлерді де кездестіре аласыз. Мұражай екі бөлімнен тұрады – Machones пен Punta Nizuc көрмесі. Бірінші бөлімде жәдігерлер 10 метр, екіншісінде 2 метр тереңдікте орналасқан.

Лансарот мұражайы. Испания

«Museo Atlantico»Джейсон де Кайрес Тейлордың 2017 жылы Испанияда жасаған тағы бір жобасы. Еуропадағы алғашқы және жалғыз су асты мұражайы. Көрме Атлант мұхитының түбінде орналасқан. Ауқымының үлкендігімен кез келген адамды таңғалдырады. 2500 м² аумақты алып жатыр. Мүсіндер 12-15 метр тереңдікте орналасқан. Мұражайдан 300-ге жуық мүсінді кездестіре аласыз.

Су асты әскери техника мұражайы. Иордания

2019 жылы Иорданияда су астындағы әскери мұражай ашылды. Ол Қызыл теңіздің түбінде, Акаба жағалауында орналасқан. 3 метр тереңдікте ХХ ғасырдың танкілері, «AH-1°F Cobra» тікұшағы мен машиналарды кездестіресіз. 19 әскери техниканы көре аласыз. Бір қызығы суды ластамас үшін барлық зиянды материалдарды техникалардан алып тастаған.

Кораллариум мұражайы. Мальдивы

Тағы да талантты мүсінші Джейсон де Кайрес Тейлорға ораламыз. Оны су асты әлемі қызықтыратыны белгілі. Мүсінші Мальдив аралына тағы бір мұражай салған. Тейлордың айтуынша бұл оның ең ауқымды жобасы. Мұражай 2 бөлімнен тұрады. Мүсіндер су астында және су бетінде орналасқан. Мұражайда 14 ескерткіш бар.

Байя мұражайы. Италия

1700 жылдан астам уақыт су астында тұрған мәрмәр мүсіндер, фонтандар, үйлер мен ғибадатханаларды тамашалауға болады. Везувий жанартауының әсерінен Байя қаласының бір бөлігі суға батып кеткен. Нәтижесінде қала су асты мұражайына айналады. Бұл әлемдегі ең керемет су асты мұражайы болып саналады.

Дайындаған: Гауһар Бердібек

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!