Лайфхакер

TED: Маркетолог көруі тиіс шығарылымдар

Маркетолог көруі тиіс TED шығарылымдары

TED өзінің жылда өтетін конференцияларымен елге танылды. Мұнда әр саланың мамандары, белгілі кәсіпкерлер мен танымал тұлғалар дәріс оқиды. Қозғалатын тақырып та әр түрлі: психологиядан бастап, бизнестің қыр-сырына дейін. Сонымен қатар маркетологтарға арналған кеңестерді де табуға болады. Balbal.kz маркетолог көруі тиіс TED шығарылымдарын назарыңызға ұсынады.

Кевин Аллока: Қандай бейнежазбалар жылдам таралады?

«YouTube» желісінің тренд-менеджері Кевин Аллока кез келген адамның бірнеше күнде-ақ танымал бола алатынына сенімді. Алайда секунд сайын жаңарып отыратын «YouTube» арқылы қалай таныламыз? Кевин мұның бірнеше әдісін айтады. Біріншісі, бейнежазбаны танымал, жазылушылары көп және халықтың ойына әсер ете алатын адамның көруі, өз аккаунтында жариялауы керек.

Менеджер видеоны таратып, қаралым жинаудың өзге де жолдарын айтады. Сонымен қатар «YouTube» желісіндегі танымал видеоларды мысалға келтіреді.

Патрик Ренвуаз: Сатып алушының ойын оқу

Нейроғылым дамып, дүкен сөрелеріне де жеткен. «Coke» және «Pepsi» сынды танымал корпорациялар өз тұтынушыларының тауарды сатып алу себебін білгісі келеді. Ал кино түсірген режиссерлер көрермен тарту үшін фильмнің трейлерін қызықты етіп ұсынуды жолға қояды.

Патрик Ренвуаз – нейромаркетинг бойынша бірнеше кітаптардың авторы. Ол өз дәрісінде адамның ойын оқып, маркетингте пайдасын тигізетін бірнеше әдістер жайлы баяндайды.

Скотт Гэллоуэй: Amazon, Apple, Facebook, Google  біздің эмоциямызды қалай басқарады?

«Amazon», «Apple», «Facebook», «Google» компанияларының табысы Үндістанның жалпы ішкі өніміне тең. Скотт Гэллоуэйдің айтуынша, бұл корпорациялар адамның эмоциясына әсер ету арқылы табысқа жеткен. Мысалы, «Google» біздің миымызбен жұмыс істейді. Әр секунд сайын ми 100 миллиардтан аса операцияны іске асырады. Ал шаршаған кезде және жауапты таба алмағанда, біз «Google»-дың көмегіне жүгінеміз.

«Facebook» жүрек арқылы адамдардың өміріне енді. Түрлі суреттер, мұнда жарияланған адамдардың оқиғалары біздің қоғаммен байланысымызды күшейтеді.

Анджела Ванг: Қытай шоппингтің болашағына қалай әсер етуде?

Анджела Ванг өз дәрісінде Қытайдың онлайн-дүкендері жайлы айтады. Сатып алушы телефон арқылы сауда жасауға күніне 60 минутын жұмсайды. Бұл АҚШ-тағы көрсеткіштен екі есеге көп. Соңғы бес жылдың ішінде қытайлық дүкендер мен мобильді сауда әлемді жаулады. Жалпы онлайн сатылымның 90% «Alibaba» мен «Tencent» арқылы жүзеге асады. Маман негізгі себептерін қарастырып, әсер ететін факторларға да шолу жасайды.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!