Миллионер

Генри Фордтың «Менің өмірім, менің жетістіктерім» кітабының жұмбақтары

Генри Фордтың бар құпиясы

Генри Фордтың бұл кітабы кәсіп ашамын деушілердің барлығының үстелінен табылуы тиіс. Себебі оның қолданған технологиясы жаппай өндірістік және конвейерлік саладағы бірнеше құпияларға ие. Генри конвейерді ойлап тапқан жоқ. Ол тек конвейер жұмысын сәтті ететін жолдар мен әдістерді дәл қолдана алған. Автобиографиялық трактат Генри Фордтың өмірінің кейбір кезеңдерін ғана емес, көптеген қажетті кеңестер мен компанияны басқару жолдарынан тұрады.

«10 факт. 3 әрекет» форматының құпиясы

Бұл форматтың не екендігін көбісі біле бермейді. Букнот кез келген кітаптан алынған білімді жинастырып, керектісін топтастыруға өте қажет. Мұнда ең негізгі 10 факт пен 3 шынымен жұмыс жасайтын әдіс-әрекет жазылады. Букнот болмаса, оны кез келген ыңғайлы форматта, дәптерде, компьютерде дайындауға болады.

Өзгерістерден қорқу

Барлық әлем үнемі қозғалыста болады. Өзгерістерден қорқу – даму мен жетілу жолында тұрақтап қалу. Жетістікке жету үшін әрдайым «оянып», әрекет ету қажет. Сәтсіздіктер тынбай еңбектенуге алып келеді, қорқыныш өз қабілеттеріңізді жасырады.

Табыс – нәтиже, мақсат емес

Өндірісті дамыту кезінде оның адамдарға әкелетін пайдасы жайлы ұмытпау қажет. Оның табысы сіздің мақсатыңыз емес, еңбегіңіздің нәтижесі болсын.

Бағаның өсуі – нарықтың кемшілігі

Компания қиын кезеңді өткеріп жатқанымен, бағаны көтермеуге тырысыңыз. Басқа жолдарды табыңыз, ал бағаның төмендеуі сіздің кәсібіңізді алға жылжытары сөзсіз.

Өмірлік мақсат

Фордтың мақсаты көптеген адамдарды көлікпен қамту болған. Ол көліктерді қолжетімді етіп, сатып алушылар санын көбейтуге тырысқан. Осымен бірге өз жұмысшыларын жұмыс орыны мен тұрақты жалақымен қамтамасыз еткен.

Жұмысшыларға деген дұрыс қарым-қатынас

Генри Форд менеджерлер мен жұмысшыларға көп жұмыс тапсырма берген, сонымен қатар ол жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысқан. Оның қол астындағылар күніне сегіз сағат жұмыс істеп, тұрақты жалақы алып тұрған.

Пілді бөлшектеп жеу қажет

Генридің кітаптағы бір қағидасы – мүмкін емес нәрсе жоқ, тек бөлшектеп атқарсаң болғаны. Ол бұл қағидасының дұрыстығын өз жетістігі арқылы дәлелдеп тұр.

Адамдар үшін жасаңыз

ХХ ғасыр басында Фордың «қолжетімді көлік» идеясы мүмкін емес болып көрінді. Алайда көлікті күнделікті қолданыстағы құрал ретінде дәл Форд алғаш пайдаланған.

Мақсат қою – ең бірінші ереже

Генри Форд орта деңгейлі отбасыда дүниеге келген. Ол бала күнінен бастап фермада қалып қалмайтынына сенген. Генри механикалық шеберханаға оқушы болып орналасып, 8 жыл инженер қызметін атқарады. Көліктер жайындағы ойын ұмытпай, біраз жылдан соң өзінің алғашқы көлігін құрастырып шығады.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!