Миллионер

Жазғы демалыста ақша табудың 8 жолы

Жазғы демалыста қайда жұмыс істеуге болады?

Жазғы демалыста жастар бос уақытын тиімді өткізіп, үйіне қолғабыс ету үшін жұмыс істегісі келеді. Оларды тұрақты жұмысқа алмаса да, қарапайым жұмыстар бар. Balbal.kz мотивациялық сайты кәмелет жасқа толмаған оқырмандар үшін жұмыс істеуге болатын жерлерді ұсынады.

«Жасыл Ел»

2005 жылы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының штабы құрылды. 16-29 жас аралығындағы жастарды қабылдайды. Елдімекен, көшелерді тазалап, ағаш, гүл өсіресіз.  Жалақысы 25 мыңнан 60 мыңға дейін болады. Ол үшін жастар бөлімшесіне тіркеліп, медициналық тексерістен өту керек.

Лагерь кеңесшісі

Бұл жұмыс бір қарағанда оңай көріну мүмкін. Бірақ үлкен жауапкершілікті талап етеді. Кішкентай балалармен жұмыс істей алатын лидерлік қабілетіңіз болу керек. Лагерь кеңесшісі болып 16 жастан бастап жұмыс істей аласыз. Артықшылығы – таза ауада қыдырып, тегін тамақтанып, шығармашылығыңызды шыңдай аласыз.

Промоутер

Промоутер жарнамалық материалдарды, хабарламаларды таратады, дегустациялар, презентациялар өткізеді. Негізгі талап – жақсы қарым-қатынас орната білу. Төлем әдетте сағатына немесе орындаған ісіне байланысты төленеді. Ол 500-1200 теңге аралығында болуы мүмкін.

Хабарландыру ілуші

Бұл жұмыс үшін арнайы дағды, қабілет керек емес. Бастысы бос уақытыңыз болып, қаланы жақсы білуіңіз керек. Тек бір ескеретін жағдай – ауарайына қарамастан, кез келген жағдайда жұмыс істейтін боласыз.

Аниматор

Егер көңілді, ашық әрі өнерлі болсаңыз, бұл жұмыс сіз сай келеді. Аниматор түрлі кейіпкерлердің киімін киіп, кішкентай балаларға арналған кештерде жүреді. Олардың көңілін көтеріп, ойындар мен жарыстар өткізу керек. Мерекелік шараларды өткізетін орталықтарға барып, жұмыс сұрай аласыз.

Интернет арқылы жұмыс істеу

Интернеттегі жұмыс әртүрлі – сайт модераторы, смм-маман, модельер, т.б. Жастарға үлкендерге қарағанда технологияны тезірек меңгереді. Сондықтан мұндай жұмыс оларға ақша табуға тамаша мүмкіндік бола алады. Алайда интернеттегі хабарландырулардан абай болу керек. Көбінесе бала еңбегін пайдаланатын алаяқтар кездеседі.

Ақылы сауалнама

Сіз белгілі бір өнім не компания туралы өз пікіріңізді қалдырған боларсыз. Ал сол үшін қазір ақша алуға болады. Сол компанияны сауалнамада мақтап, жақсы пікір қалдырасыз. Күрделі ештеңе жоқ. Ол үшін сауалнама алатын сервистерге тіркеліп, поштаңызға шақырту келгенін күтіңіз.

Мысалы, anketka.ru, panel.marketagent.com, expertnoemnenie.ru, myiyo.com, platnijopros.ru

Серфинг

Серфинг дегеніміз – интернет парақшаларын ақтару. Белгілі бір сенімді сайтты таңдаңыз. Сондағы сілтемелерді, жарнамаларды шертіп, қараңыз. Әр ашқан парақшаңыз үшін ақша беріледі. Бірақ ол аз соммада болады. Сол үшін сілтемедегі сұрақтарға жауап беріп, тапсырма орындауыңызға болады.

Серфинг жасауға болатын сенімді сайттар:

ProfitCentr

SeoSprint

Wmmail

Wmzona

web-ip

vip-prom

wmpublic

wmrefer

Яндекс Толока

Яндекс компаниясына жұмыс істеңіз. Күн сайын көптеген қарапайым тапсырмалар орындайсыз. Негізінен әр түрлі контентті бағалау қажет. Мысалы, сайттардың іздеу сұрауларына сәйкестігін тексеру, суреттерді салыстыру және өнім санаттарын анықтау, т.б. Процесс өте қарапайым – тапсырманы таңдап, оны орындаңыз және сыйақы алыңыз. Жұмысты компьютерде , мобильді қосымшада жасауға болады.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!