Денсаулық

Той алдындағы диета

Қалай тез арықтаса болады?

Тұрмысқа шығар алдында көп қыздар міндетті түрде өзін ретке келтіру керек деп санайды. Ең бірінші сұрақ, әрине, қалай тез салмақ тастаймын? Салмақ тастау туралы шешім қабылдау өте дұрыс. Бірақ көп жағдайда ол ой қалыңдықтың басына той тақалғанда келеді. Басты себеп, таңдалған ақ көйлектің дәл келмеуі. Әдемі ақ көйлек жарасымды болу үшін, арықтаған дұрыс, әрине. Онда қажет нәтижеге қысқа уақытта қалай жетеміз?

Сонымен:

1. Су ішіңіз. Шай, сок, кофеден бөлек, күніне 2 литр қайнатылмаған таза табиғи су ішіңіз. Нәтижесінде зат алмасу үрдісі ретке келіп, асқазан жұмысы жақсарады. Бұл ас қорыту жүйеңізге және жалпы ағзаңызға пайдалы.

2. Диетаға көмек. Диета ұстаңыз және оған қосымша ретінде ең оңай жаттығу түрлерін жасаңыз. Күніне 15 минут секіртпемен секіріңіз және 15 минут ырғақты әндерге билеңіз.

3. Жаттығу жасау. Арнайы маманмен кеңесіп, өзіңізің жаттығу бағдарламаңызды құрыңыз. Жаттығу залына бару мүмкіндігі болмаса, күн ара бірнеше шақырым жүгіріп, аяққа, белге, бүйірлерге қажетті жаттығуларды жасаңыз. Таза ауада көбірек жаяу жүріңіз.

Диета демекші, біздің сайтымызға жарияланған «Тез арықтаудың жолы: айран мен алма диетасы» деген мақала сізге көмектесіп қалар. Оқып көріңіз!

Бастысы, той алдында қатты арықтаймын деп, өзіңізді әлсіретіп алмаңыз. Болашақ жарыңыз сіздің салмағыңызға қарап үйленгелі жатқан жоқ екенін біліңіз.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close