Салауат

Кір сабынның пайдасы

Кір сабынды дайындау үшін өсімдік және жануар майы қажет екені шын

XX ғасырдың орта тұсынан бастап ел арасына кір сабынды дайындау үшін өндірушілер көше иттері мен мысықтарының, түрлі өлекселердің майын пайдаланады екен деген сөз тараған. Бұл әңгіменің рас-өтірігі белгісіз, бірақ ол тұтынушыларға аса әсер ете қоймады. Өйткені, кір сабын — бағасының төмен болуымен қатар, үй шаруасына пайдасы көп өнім.

Кір сабынды дайындау үшін өсімдік және жануар майы қажет екені шын. Олардың сыртындағы 65%, 70%, 72% деген жазулар да құрамдағы майлы қышқылдардың пайызын білдіреді. Пайыздық көрсеткіш көп болса, сабынның тиімділігі де жоғары деген сөз. Сондай-ақ, кір сабын табиғи таза өнімдерден жасалатынын айта кеткен жөн. Оның бұл қасиеті қашанда басымдық ретінде аталып жүр және қолдану аясын кеңейтеді. Ендеше, кір сабынның киімнің кірін кетіруден басқа қандай қырлары бар? Соған тоқталайық.

  • Кір сабын табиғи өнімдерден жасалатындықтан, онымен кір жуып болғаннан кейін суын төкпей, үй өсімдіктеріне құйсаңыз болады. Бұл «алдымен ыдыс-аяқ жуып, артынша сол сумен еден жуыңыз» дегендей қызық естілсе де қалжың емес әрі өсімдіктерге еш зиян әкелмейтін әдіс.
  • Адамның қолына тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп кеткен жағдайда оны инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады
  • Мұрыныңыз бітіп тұрса, кір сабын қосылған сумен шайыңыз. Бұл әдіс міндетті түрде емделуге көмектеседі.
  • Ел арасында шаш қалың болып өсу үшін, оны кір сабынмен жуу керек деген сөз бар. Тіпті, шаш түсіъу дертіне шалдыққанда дәрігерлер кір сабынмен жуынуға кеңес береді. Оның қаншалықты сенімді әдіс екені нақты белгісіз. Бірақ кір сабынның шашқа пайдасы бар екені анық. Бұл өнім  қайызғақты мақтаулы сусабындардан да жақсы кетіреді.
  • Бетті аптасына екі рет кір сабынмен жуу керек. Ол беттің тері қабатына терең сіңіп, майланудан сақтайды. Кір сабынмен жуынғаннан кейін, артынан балаларға арналған крем жағуды ұмытпаңыз.
  • Моншада буға кіреррде сыпырғыны кір сабын салынған суға батырып қолданса, теріңіз тазарып қана қоймай, денеңіз сергіп қалады.
  • Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады деген де бар.
  • Іріңдеген жараларға сықпа майын жаға бергеннен, кір сабынның көмегін пайдаланған да дұрыс. Ол үшін сабынды үккіштен өткізіп, табаға ені 1 сантиметр етіп жаймалап салыңыз. Үстінен сабынның көлемінен екі есе асатындай етіп сүт құйып, әбден қою болғанша баяу отта бір жарым сағат бойы қайнатыңыз. Суыған осы қоспаны жұқалап қағаз бетіне жағып, жара үстіне дәкемен орап қойсаңыз жетіп жатыр. Үш күн қайталасаңыз жараның іріңдеуі қойып, тез жазылып кетеді.
  • Көгерген, жарақаттанған жеріңізді кір сабынмен жусаңыз, жараны асқынуынан және микроб тусуінен қорғайды. Жараның бетін күніне екі-үш рет жусаңыз жеткілікті. Күйіп қалған жараға (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады.
  • Ит тістеп алған жағдайда қан тоқтағаннан кейін жараға сабын ертіндісіне малынған дәкені басыңыз.
  • Құлап қалған жағдайда дереу кір сабынды жағыңыз, ол көгеруден сақтайды.
  • Ер адамдар қырынғаннан кейін тері тітіркенсе, кір сабынмен сабындап қоюға болады. Көпіршік кебуін күтіп, кепкеннен кейін сумен шайыңыз.
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!