Салауат

Марк Дакаскос: 56 жаста сальто жасаудың сыры

Марк Дакаскостың 56 жасында сальто жасай алуының құпиясы

Марк Дакаскос – америкалық танымал актер әрі кинорежиссер. Белгілі актер әрі режиссердің жасы 56-да. Дегенмен егде жасына қарамастан, Марк еркін шатқа отырып, артқа және алдыға сальто жасай алады. Марк Дакаскостың жас жігіттердің қолынан келе бермейтін акробатикалық қимылдарды орта жастан асқанына қарамай еркін орындауының сырын білейік.

Жекпе-жек өнерінің шеберлігі

Марк Дакаскос бала кезінен спортқа жақын болып өседі. Марктың әкесі Эл өзі қалыптастырған «Вун-Хоп Куен До» стиліндегі жекпе-жек өнерінің шебері болған. Филиппин, қытай және испандық айла-тәсілдерді біріктірген «Вун-Хоп Куен До» киноактердің өміріндегі алғашқы әрі негізгі жекпе-жек стиліне айналады. Бірақ Марк білгенімен тоқтап қалмай, 17 жасында «қытайлық дзюдо», Америкаға барған соң «капуэйро» жекпе-жек өнерін меңгереді.

Киноактер сол уақыттан бері жекпе-жек түрлерін игеріп, өзі әры қарай дамытуды бүгінгі күнге дейін тоқтатпаған. Бұл туралы Марктың өзі: « Менің жекпе-жек өнерінен демалып, басқа істермен айналысқан кезім болды. Алайда түбегейлі тоқтатуды ешқашан ойламадым». Жекпе-жек өнерінің шеберлігі Марк Дакакосқа осы уақытта да акроботикаға икемділігін жоғалтпауға көмектесті.

Күнделікті жаттығу

Марк жаттығу залдары мен өз үйінде күнделікті жаттығады. Тек жекпе-жек өнеріне арналмаған бұлшық етін созуға, акробатикалық қимылдарды дамытуға бағытталған жаттығулар жасайды. Жергілікті жас спортшылармен бірге әртүрлі марафондарға қатысады. Марктың мұндай өмір стилі оның қай жаста болсын шатқа отырып, сальто жасауына мүмкіндік береді.

Дұрыс тамақтану

Марк Дакаскостың мықты денсаулығы мен шапшаң қимылының негізгі себебінің бірі – дұрыс тамақтану. «Iron Chef America» аспаздық бағдарламасына 5 жылдай төрағалық еткен киноактер арнайы диета ұстанып, дұрыс тамақтануды әдетке айналдырған. Марк: «Қанша жыл аспаздық бағдарламаға төрағалық етсем де, тамақ жасай алмаймын. Алайда осы тәжірбиенің арқасында дұрыс диета ұстануды үйрендім», — дейді өз диетасы жайлы.

Дамуды тоқтатпау

Қанша жасқа келсе де Марк жан-жақты дамуын тоқтатпайды. Талай кинофильмдерге түскен тәжірбиелі актер болғанымен, актерлік шеберліктен әлі күнге сабақ алады. Сол секілді жаңа акробатикалық қимылдарды да күнделікті үйренеді.

Салауатты өмір салтын ұстанып, күнделікті дамудың арқасында Марк Дакаскос 56 жасында еркін сальто жасайды. Сіз де спортпен айналысуды бүгіннен бастаңыз. Сонда қай жаста да өзіңізді жақсы сезінетін боласыз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!