Біліп жүр

Құсбегіліктен Азия чемпионаты аяқталды

Бүркітшілер арасында бірінші орынды Қырғызстан азаматы алды

Алматыда 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өткен Құсбегіліктен II ашық Азия чемпионаты мәресіне жетті. Жарыс барысында 9 елден келген 80-нен астам бүркітші, қаршыға мен ителгі баптаушылар өзара бақ сынасты.

Бүркітшілер арасында бірінші орынды Қырғызстаннан келген Исмаилов Аман алды. Екінші орын Ақмола облысының құсбегісі Тастанбек Байраққа бұйырды. Үздік үштікті алматылық Құрманғалиев Ақберен түйіндеді. Айта кетерлігі, бұл додада төртінші және бесінші орын алған қатысушылар да ақшалай сыйлық еншіледі. Бүркітшілер арасында ол орындарға Шығыс Қазақстаннан келген Нұман Өмірбек пен Словакиядан келген қонақ Канат Ярослав жайғасты.

Қаршыға

Бүркіт

Бүркітші

Аңшы

Құсбегі

Қыран

    Қаршыға баптаушылар арасындағы бас жүлдені Жамбыл облысынан келген Бабажан Берікболсын алды. Екінші орынға Түркістан облысының құсбегісі Махмудхан Заки, үшіншіге Алматы облысының тумасы Сейітжан Бексұлтан, төртіншіге Қырғызстан азаматы Кубатов Абдырасыл, бесіншіге Алматы облысынң тағы бір тумасы  Абдулкаримұлы Сармат жайғасты.

    Ителгі салғандар арасындағы бас жүлде де Қырғызстанға кетті. Жеңімпаз — Абдукадыров Туголбай. Екінші орын алматылық Абулов Русланға бұйырды. Жамбыл облысынан келген Үсен Айбар бұл додада үшінші орыннан көрінді. Төртінші орынға бір туған бауырымыз Жумалиев Уран жайғасты. Бұл бестікті Алматы облысының құсбегісі Шалипов Медет түйіндеді.

     

    Көбірек көру

    Оқи отырыңыз

    Close

    Тегін бизнес консалтинг

    Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!