Салауат

Ұйқысыздық: Қандай өнімдер ұйқыны жақсартады

Ұйқысыздықпен күресуге көмектесетін өнімдер

Ұйқысыздық – денсаулығыңыз және психологиялық жағдайыңызға үлкен сын. Ұйқының сапасына түрлі күйзелістер мен генетикалық аурулар әсер етеді. Сонымен қатар ұйықтар алдында тұтынатын өнімдер де үлкен мәнге ие. Balbal.kz ұйқыны жақсартатын өнімдер тізімін назарыңызға ұсынады.

Банан

Банан
@kurjer.info

Бұл жеміс калий және магнийге бай болып келеді. Олар ағзада табиғи миорелаксант қызметін атқарады. Ұйқы алдында дененің босаңсуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар бананның құрамында триптофан аминқышқылы бар. Ол сертониннің синтезделуіне әсер етіп, ағзаның тынығуына жол ашады.

Серотонин мида ұйқы гормоны – мелатонинге айналады. Зерттеу нәтижесінде екі бананды тұтыну қандағы мелатониннің мөлшерін екі есеге арттыратыны белгілі болған. Триптофан миға жетуі үшін 1 сағат уақыт керек. Сондықтан бананды ұйықтар алдында, 1-1,5 сағат бұрын жеген жөн.

Бадам жаңғағы

Бадам
@east-fruit.com

Жаңғақтың бұл түрі ақуызға ғана емес, магнийге де өте бай. Айтып өткеніміздей, магний бұлшық етті босаңсытып, ұйықтауды жеңілдетеді.

Сонымен қатар бадам – мелатониннің қоры. Ол күйзеліс гормоны – кортизолдың азаюына септігін тигізеді. Бадам майы жағылған бутерброд немесе бадамның аз мөлшері ұйқысыздық және ұйқының бұзылуын жеңуге көмектеседі.

Шие

Шие
@east-fruit.com

Шие – мелатониннің табиғи қоры. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ұйқысыздыққа шалдыққан ересектер 250 миллилитр шие шырынын ішкен соң 1,5 сағатқа ұзағырақ ұйықтаған.

Ұйықтамас бұрын шие жеңіз немесе табиғи шие шырынын ішкен жөн.

Түймедақ шәйі

Түймедақ шәйі
@1zoom.ru

Түймедақ шәйінің құрамында апигенин бар. Ол ұйқысыздықпен күреседі. Түймедақ шәйін тұтынған адамдар өзгелерге қарағанда 15 минутқа жылдам ұйықтайды және түнде сирек оянады. Сонымен бірге күйзеліс сезімінен арыласыз.

Пассифлорадан жасалған шәй

Пассифлорадан жасалған шәй
@championat.com

Түймедақ секілді, пассифлора да апигенинге бай. Бұл өсімдіктің пайдасын Аустралияның Монаша Университеті мамандары дәлелдеген.

Зерттеу кезінде қатысушылар 1 апта көлемінде пассифлора шәйін ішкен. Апта соңында олардың түнгі ұйқысы жақсарып, таңертең өздерін сергек сезінген.

Киви

Киви
@pravdaurfo.ru

Кивидің құрамында денені босаңсытып, тезірек ұйықтауға көмектесетін серотонин бар. Ұйықтар алдында 2 киви тұтынған адамда демалыс сапасы жақсарып, тезірек ұйықтайтын болған.

Сұлы жармасының ботқасы

Сұлы жармасының ботқасы
@comments.ua

Әдетте сұлы ботқасы десе, таңғы ас есімізге түседі. Дегенмен ол ұйқыны жақсартуға да көмектеседі. Біріншіден, оның құрамында мелатонин өзге дәнді дақылдармен салыстырғанда көп мөлшерде болады. Екіншіден, сұлыда болатын селен ұйықтауды жеңілдетеді. Үшіншіден, сұлы ботқасы кальций, фосфор, магний және кремний мен калийге бай.

Сүт

Сүт
@fbc.ua

Сүттің құрамында триптофан мен мелатониннің бөлінуін қалыпқа келтіретін кальций болады. Егер түнде оянып, қайта ұйықтай алмасаңыз, бал қосылған жылы сүт ішіңіз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!