Компас

Әлемдегі ең қауіпті жерлер

Әлемдегі ең қауіпті орындар тізімі

Әлемдегі ең қауіпті жерлер жайлы кез келген саяхатқа шықпас бұрын білгеніңіз жөн. Balbal.kz мотивациялық сайты әлемдегі ең қауіпті 5 орынның тізімін ұсынады.

Фрейзер аралы

Австралиялық Фрейзер аралы – әлемдегі қауіпті жерлердің бірі. Алғашқы көзқарасқа тұп-тұнық мұхит суы мен аппақ құм бұл орынды өте сұлу көрсетуі мүмкін. Бірақ сіз бұл сұлулыққа алданбаңыз. Себебі құмды жағажайларда улы өрмекшілер мен шаяндар мекен етсе, мұхит суында қауіпті медуза мен акулалар жиі жүзіп жүреді . Ал арал ішіндегі жабайы «динго» иттері  кез келген тірі жанға шабуыл жасайды.

Фукусима қаласы

Әлемдегі ең қауіпті жерлер тізіміне Фукусима да кіреді. 2011 жылы цунами мен жер сілкісінің кесірінен Жапонияның бұл қаласында ядролық электростанция жарылған болатын. Сол оқиғадан бері 9 жыл өтсе де, бұл аймақтағы радиацияның деңгейі  әлі де жоғары. Сондықтан бұл орын әлемнің ең қауіпті мекен-жайларының біріне жатады.

Буркин-Фасо мемлекеті

Буркин-Фасо – мұхитпен шектеспейтін Батыс Африкалық мемлекет. Африкалық бұл мемлекет басқа жерлер секілді табиғатының қауіптілігінен емес, қылмыстың жоғарылығы мен терроризм үшін әлемнің қауіпті орындардың тізіміне кіреді. Бұл жерде қылмыскерлер ештеңеден қорықпастан кафе, қонақ үй және өзге де демалыс орындарына жиі шабуыл жасайды.

Манаус қаласы

Бразилияның Манаус қаласында 2 миллионға жуық адам тұрады. Бірақ бұл орын қылмыскерлердің көптігі үшін қауіпті саналмайды. Манаус қаласы қауіпті жануарлар мекендейтін Амазонка өзенінің жағасында орналасқан. Адам үшін осы өзенде жүзіп жүретін анаконда, жыланбалық және пираниялар қауіп төндіреді. Сондықтан Манаус қаласына барып шомылмағаныңыз дұрыс.

Синабунг тауы

Синабунг – индонезиялық Суматра аралындағы жанартау. Бұл тау белсенді жанартауға жатады. 2010, 2013, 2015, 2016 жылдары жанартаудың атқылауынан аралдағы көптеген ауылдар түбегейлі жойылып кетті. Тіпті 10 шақты адам қаза тапқан. Мұндай қауіптілікке қарамастан адамдар Синабунг тауына жақын жерлерде бүгінгі күні де тұрады.

Монровия қаласы

Батыс Африкалық мемлекет Либеренияның Монровия қаласы бірден бірнеше себепке байналысты әлемнің ең қауіпті мекендерінің тізіміне кіреді. Монровияның аты болмаса өзін қалаға жатқызуға келмейді. 75 мың адам тұратын бұл мекенде әртүрлі жұқпалы аурулар кең тараған. Нашақорлық пен қылмыс деңгейі де жоғары. Сонымен бұл аумақта су басу, жер сілкінісі секілді табиғи апаттар жиі болып тұрады.

Алагос штаты

Бразияның ірі мегаполистері қылмыс деңгейінің жоғарылығымен танымал. Бірақ өзге жерлерге қарағанда ең көп қылмыс жасалатын жер – Алагос штаты. Бұл аймақта жылына 2000 мың адам түрлі шабуылдардан қаза табады екен.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!