Саяхат

Стамбул: Түркияға саяхат

Стамбул қаласының көрнекті жерлері

Стамбул – туристер жиі баратын жерлердің бірі. Стамбулға алғаш ешқандай гидсіз барғысы келетіндер үшін ескеретін жайттар көп. Назарларыңызға Стамбул қаласының көрнекті жерлерін ұсынамыз.

Жатын орны

Стамбулдағы қонақ үйлер мен хостелдер бағасы Еуропадағыдан әлдеқайда арзан. Сондай-ақ көптеген тұрғындар пәтерлерін күніне 15-20 еуроға жалға береді. Егер сіз алдын-ала тапсырыс берсеңіз, онда Стамбулдың орталығында өз асханасы бар жайлы пәтерлерді арзан бағаға таба аласыз.

Тағы бір нұсқа — жатақханалар, онда тұру бағасы 7 еуродан басталады.

Транспорт

Стамбулда саяхаттаудың үнемді әдісі — автобустар мен долмуштар. Долмуш деген — маршруттық такси. Түркияға келген бойда IstanbulKart сатып алыңыз.  Бұл жоғарыда аталған көлік түрлерінде ғана емес,  метрода, трамвайларда және пойыздарда саяхаттау үшін қолданылатын көлік картасы.

Карта арқылы жарты бағаға жол жүре аласыз. Сіз оны I.E.T.T деп белгіленген арнайы дүңгіршектерде сатып алуыңызға болады.

Туристерге арналған кеңестер

  1. Туристер үшін тағы бір танымал трюк — бұл жергілікті гидтердің 2,5 сағаттық тамаша Стамбул туры. Оған ертерек жазылу керек. Онда сіз тур бағдарламасына кіретін орындардың тізімін таба аласыз.
  2. Museum Pass İstanbul — бұл қаланың көптеген мұражайларына толығымен тегін кіру құқығын беретін карта. 5 күнге 125 лир.

Туристер Түрік республикасының негізін қалаушы — Ататүрікті жеке тұлға ретінде сынға алуға болмайтынын есте сақтау керек. Көшбасшының жеке басын қорлағаны үшін түрмеге түсуге болады.

Стамбулдағы ағын су  хлорланған, сондықтан оны ішуге кеңес бермейміз. Бұл жағдайдан шығудың екі жолы бар: бөтелкедегі суды сатып алу (жарты литр шамамен 0,5 лир тұрады) немесе ауыз су бұрқақтарын пайдалану. Қала орталығында су таза.

Аяқ киім тазартқыштардан абай болыңыз. Бұл Стамбулдың «қулығы».

Олар тазалағыш щеткаларын «байқаусызда» жерге түсіреді. Туристер көбіне алданып қалады. Осындайды көрсеңіз, көмектесе көрмеңіз. Олар сіздің қалауыңызды ескермей-ақ аяқ киіміңізді тазалап береді.  Сол қызметі үшін қымбат сомма талап етеді.

Сондай-ақ,  қара паранджа киген түрік әйелдерін фотоға түсіруге болмайды. Алкогольді ішімдіктерді тек арнайы орындарда ішуге рұқсат етіледі. Әйтпесе сізге айыппұл салыну мүмкін.

Көрнекі жерлері

Ая-София

Стамбулдағы Ая-София — Византия мен әлемдік сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Византияның «алтын ғасырының» символы, оны кейде «әлемнің сегізінші ғажабы» деп те атайды.

Ая Софияға екі дін кіреді: христиан және мұсылман. 537 жылы салынған собор бірнеше рет жөндеуден өтіп, 2020 жылға дейін мұражай болды.

Топкапы сарайы

Топкапы сарайы — XV ғасырдың керемет сәулет ескерткіші. Бұл сарай кешені 1479 жылы Сұлтан Мехметтің бастамасымен салынған.

Топкапыға бірден төрт бірдей аула кіреді. Олардың әрқайсысы өзінің қайталанбас көрікті жерлерімен әйгілі. Аулалар нақты бөлінген, бірақ олардың бәрін қоршаған биік тасты қабырға біріктіреді.

Базилик Цистернасы

Стамбулдағы ең танымал көрнекті орындардың бірі, оған әрбір екінші турист келеді. Йребатан су қоймасы — ерекше және қызықты нысан. Күтпеген жерден тыныш, қараңғы, салқындық сезіледі, ол сөзсіз ерекше әсер қалдырады.

Цистернадағы ең маңызды бағандар негізі Горгон Медузасының бастарымен безендірілген. Ежелгі грек мифологиясына сәйкес, ол шашының орнына жыландар шығатын  әйел кейпіндегі құбыжық.

Гранд-базар және Египет базары

Үлкен базар фильмдердегі шығыс сауда-орталықтарын еске салады. Ол Стамбулдың орталық ауданында — Сұлтанахметте, Көк мешіт жанында орналасқан. Ұлы базар әлемдегі әйгілі көрнекті орындардың біріне айналды, өйткені оған бір күнде жарты миллионға жуық адам барады.

2013 жылы Гранд базар рекордты көрсеткіш 91 миллион адамды қабылдады.

Сүлейман мешіті

Сүлейман мешіті 450 жылдан астам уақыт бойы бір орында тұр. 4 жарым ғасыр ішінде бұл аймақ шамамен жүз рет жер сілкінісіне ұшырады. Оның күші 7 баллға бағаланды. Соған қарамастан мешітке зақым келмеген.

Йылдыз сарайы

Мрамор теңізінің жағалауымен серуендеп, экзотикалық өсімдіктер мен гүлдері бас  жасыл саябақ аймағын көресіз. Бұл Йылдыз саябағы. Бұл жерде қымбат виллалар мен сарайлар салынған.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!