Миллионер

Бодо Шефердің қаржылық еркіндікке жетелейтін жолы

Бодо Шефердің қаржылық еркіндікке жетелейтін тура жолымен сіз де жүріп өтіңіз.

Бодо Шефердің қаржылық еркіндікке жетелейтін бірнеше амал-тәсілдерін оқырман назарына ұсынамыз. Ол Еуропадағы №1 қаржы кеңесшісі. Бодо Шефер тек қана жазушы емес, сонымен қатар кәсіпкерлердің бірі.

Ол қаржылық еркіндікке бірден келген жоқ. 16 жасында АҚШ-қа кетіп, 26 жасында жасаған қате қадамдары мен өмірлік ұстанымдары оны қарызға батырып, борышкер етті.  Алайда, ол бұл қиын жағдайдан шығудың ерекше жолын тапты. Ол қаржы саласын спортпен салыстыра отырып, өзіне «қаржылық жаттықтырушы» керек екенін білді. Ол туралы кейінірек былай деп жазды:

«Біздің әрқайсымызға үнемі қолымыздан ұстап, алға қарай жетелейтін адам керек. Шын мәнінде барлық бай адамдардың өз жаттықтырушылары болды».

Қаржылық тәуелсіздікке баулитын кітаптардың саны жетерлік. Алайда Б. Шефердің «Қаржылық еркіндікке жетелейтін жол» (Путь к финансовой свободе) кітабын оқыған әрбір оқырман бірден өз қаражатын басқаруға кірісіп кететіні анық.

Адамдардың көпшілігінің армандары мен шынайы өмірлерінің арасында кедергілер өте көп. Және жылдар бойы бұны қалыпты жағдай ретінде қабылдайтындар жетерлік. Бұл ойды түп-тамырымен жою үшін Бодо Шефер 1997 жылы«Қаржылық еркіндікке жетелейтін жол» атты кітабын жазып, қалың оқырманға жолдады.

Барлығы ақшаға келіп тіреледі

Армандаған өмірді сүру үшін адамдарға не кедергі екенін білесіздер ме? Іштеріңіз сезеді ғой… Әрине ақша, ақша және тағы да ақша. Өйткені ақша – өмірдің өлшеміне айналған. Ақша біздің өмірімізде кездейсоқ пайда болмайды. Оның барлығы адамның энергиясына байланысты. Қандай да бір іске бар энергиямызды төксек, ақшамыз молая түсетініне сан мәрте көз жеткізген боларсыз? Табысты адамдардың барлығы ақша табуға машықтанған. Кейбірі ақшаны өзі үшін жинаса, енді біреулері игілікті істерге жұмсап жатады. Бұның ешқандай құпиясы жоқ. Өйткені адамдардың барлығы ақшаны өзіне тарту күшіне ие.

Қандай жағдайда ақша маңыздылығын күшейтеді? Иә, үнемі жетпеген жағдайда құнды болып көрінеді. Егер адамның басында қаржылық мәселе болса, ақша туралы көп ойлай бастайды.

Алғашқы миллиондарды қалай табуға болады?

Өзіңнің алғашқы миллионыңды табудың бірнеше мүмкіндіктері бар. Олардың барлығы кітапта келтірілген 4 стратегияның ішіне енген. Олар:

  1. Тапқан табысыңыздың белгілі бір пайызын үнемдеп отырасыз.
  2. Үнемделген ақшаны жинайсыз.
  3. Табысыңызды арттырасыз.
  4. Артқан табысыңыздың белгілі бір пайызын үнемдейсіз.

Осы стратегия бойынша жүрсеңіз, қазір қалтаңызда қанша ақша барына қарамастан, 1-2 жылдың ішінде артық миллиондардың иесі атанасыз.  Егер сіз сол миллиондарды тезірек тапқыңыз келсе, кітапта көрсетілген стратегиялардың барлығын бұлжытпай орындауыңыз керек. Меңгерген әрбір стратегия сізді мақсатыңызға жақындатады. Әлбетте, қаржылық тәуелсіздікке жетудің жолы оңай болмасы анық. Бірақ үнемі қаржылық қиындықтармен өмір сүру бұдан да ауыр.

Бір ғана үміт жеткіліксіз

Мен өз мақсаттарыма отыз жасымда жеттім, — дейді Бодо Шефер. Осының алдында 5 жыл бұрын мен қарызға белшемнен батқан едім, артық 18 келі салмағым мен өзіме ұнамайтын кемшіліктерім көп болды. Қаржылық жағдайға байланысты ақша менің өмірімнің мәніне айналды.

Ақша біздің қаншалықты қабылдағанымызға қарай маңыздылыққа ие. Мен барлығы реттеліп, жұмысымның жақсаратынынан үміттендім. Алайда бір ғана үміт жеткіліксіз. Үміт – бұл өзіңді психологиялық жұбатудың, уақытша алдаудың құралы.  Неден және кімнен үміттенеміз? Құдайдан ба? Сәттіліктен бе? Бірақ Құдай құр алақан жайып, жұмыссыз отырғандарды марапаттамайды. Шындығына келгенде, ақымақтар ғана үміттеніп отыра береді.

Бодо Шефердің қаржылық еркіндікке жетелейтін жолы, Бодо Шефер, Путь к финансовой своводе
Бодо Шефер — Balbal.kz

Жоспарлаудың маңызы қандай?

Көпшілігіміз бүкіл өмірімізге қарағанда демалысымызды жақсы жоспарлаймыз. Бұл жерде де екі мүмкіндік бар: өміріңіздің қалай өрбитінін өзіңіз жоспарлайсыз немесе сіз үшін өзгелер жоспар құрады.

Кейбір адамдар алдарына жоспар құрғанмен, сәтсіздіктерге ұрынып жатады. Сосын: «Мен алдын-ала жоспар құрған едім, алайда ол жоспарым іске аспады. Енді көңілім қалмау үшін, жоспарлаудан бас тарттым. Одан да жоспарсыз жүргенім артық», — деп жатады. Ал шын мәнінде, көп адамдардың жоспарын жүзеге асыра алмауларының себебі өте қарапайым. Олар арман, мақсат, құндылық, жоспарларын бір арнаға тоғыстырып, ортақ шешім шығаруды ұмытып жатады.

Джорджи университетінің профессоры Томас Стэнли 12 жыл бойы байлардың өмірін зерттеп, мынадай шешімге келген: арманы, құндылығы, мақсаты, жоспары сәйкес келген адамдар – ең бай адамдар қатарына жатады. Яғни, адам баласын байлыққа 4 күш жетелейді.

Болашақтың билігі сіздің қолыңызда

Болашақты ойлаудың ең басты қағидасы – болашақты өзіңіз жасау. Сіз бұған шамаңыз жетпейді деп ойлайсыз ба? Онда сіз өмірінен үміт күтпейтін, жағдайын өзгертуға тырыспайтын, 10 жылдан кейінгі өмірін қорқынышпен елестететін тобырдың қатарынансыз.

Болашағымызды өзіміз жасай алатындығымызға көз жеткізгіңіз келсе, өткеніңізге үңіліңіз. Өміріңіз қаншама рет өзгерді? Күнделікті тіршілікте өмірімізде кішігірім өзгерістер болып жатқанын байқамаймыз. Біз кішкентай қадамдармен өзгереміз, бірақ оған мән бермейміз.

Өзіңізге сұрақ қойып көріңізші… 10 жыл бұрын кім болдыңыз? Бұл сұрақтың жауабына ойланған сайын, сіз көп нәрсені түсінетін боласыз. Өміріңіздің барлық жауапкершілігі тек өзіңізге артылғанын байқайсыз. Және ішкі жан дүниеңізде сенімділік пайда болады. Егер сіз өткен 10 жылдың ішінде көп жетістіктерге жеткен болсаңыз, онда алдағы 10 жылда қандай жетістіктерге жете аласыз?

Бүгінгі өмірге сіз өзіңіз шығарған шешімдердің арқасында жеттіңіз. Өзіңізге не тиімді екенін білген соң бүгінгі күнге жетіп отырсыз. Демек, алдағы 10 жылда кім болатыныңыз дәл қазір шешіңіз.

Кітаптан алынған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні

Сонымен қорытындылайық. Бодо Шефердің қаржылық еркіндікке жетелейтін жолы арқылы  сауаттылықты арттырып, қаржылық еркіндікке жету үшін не істеу керек?

Жұмысқа тез арада кірісудің 8 әдісі, Бодо Шефер
Бодо Шефер — Balbal.kz
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!