Біліп жүр

6 тағдыр: 1 жылда өмірлерін өзгерткен жандар

6 адамнан мотивация алыңыз

6 тағдырдың өзгерісі мүмкін емес деген қағиданың жоқтығын дәлелдейді. Олар 1 жылдың ішінде өмірлерін толығымен өзгереткен. Бұл оқиғалар талай жанға демеу болары сөзсіз. Balbal.kz мотивациялық сайты үлгі боларлық 6 адамның оқиғасын назарларыңызға ұсынады.      

«Автостоппен зейнеткерлікке»

Сания 55 жасында зейнеткерлікке шыққан. Осы кезден бастап саяхаттауды ойына алады. Жолдың шетіне шығып, бас бармағын көтереді. Осылайша оның оқиғасы басталады. Ол әлемнің қырыққа жуық мемлекетін аралаған. Ресейдің барлық аумағында болған. Жолда жүргізушілерге көмек көрсету үшін Сания «көлік жүргізу» курсын тәмамдаған. «Дәрігерлер менің денсаулығымнан көптеген ауру белгісін тапты. Тіпті «мүгедек» деген атауды да танғысы келді. Егер әлемді тоқтаусыз шарласам, менен «мүгедек» қайдан шықсын» дейді ол.

Саяхаттан кәсіпке

27 жасында Юлия Савицкая қарапайым ғана өмір сүрген. Оның жұмысы сән әлемімен тікелей байланысты. Брендтер мен дизайн оны шаршата бастайды. Оның өмірі біреуге қол жетпес арман еді. Себебі жұмыс сапарымен Парижге де аттанып тұратын. Бір күні ол сөмке сатып алып, Непалға аттанады. Катманду қаласында Киев тұрғыны Антон Гураковпен танысады және отбасын құрады. Қазір олар бірге саяхаттайды. Саяхаттап жүріп Юлия мен Антон «Girls in Travel» компаниясын құрады. Компания қыздарға арналған саяхат ұйымдастырумен айналысады.

49 жаста сән әлеміне аяқ басқан Синди

Синди 49 жасында шашының ақ түсін жасырудан бас тартады. Осылайша өз түсіріліміне модель іздеген «Dolce & Gabana» компаниясының қызығушылығын оятады. Оның сән әлеміндегі алғашқы қадамы осылай басталады. Ол бірнеше әйгілі брендтердің жарнамалық бейнебаяндарына түседі. Осыдан кейін өз кәсібін ашуды қолға алады. Синди қазіргі уақытта тері күтіміне арналған косметика өндірісімен шұғылданады.

Алдымен денесін, сосын өмірін өзгертті

Татьяна Рыбакованың 14 жасында салмағы 100 келі құраған. Оны барлығы мазақтаған. 24 жаста Татьянаның салмағы 50 келі болған. Әрине, оның өмірі бір жылда өзгермеген. Қазіргі уақытта Татьяна белсенді өмір салтын ұстанады. Жеке блогын жүргізеді. Жеке кітабын да жариялап үлгерген. Ол артық салмақтан арылу жайында адамдарға кеңес береді. Салауатты өмір салтына қатысты жеке арнасы бар.

Ақшаның маңызды емес екенін дәлелдеген жан

Хайдемари ауқатты әрі беделді әйел болған. 1996 жылы ол өз қаражатын мұқтаж жандарға үлестіріп берген. Чемоданына тек қажетті заттарды ғана салады. Ол өзіне 1 жыл бойына еш қаржысыз өмір сүруге уәде береді. Бастапқы уақытта терезе жуушы болып жұмысқа орналасады. Ит серуендетуші, үй жинаушы секілді қызметтерді де атқарады. Қазір Хайдемари Швермер материалдық құндылықсыз өмір туралы кеңестер берумен айналысады.

Жеке компания иесі атанған отбасы

Шери Шмельцер қырық жасында өзіне және балаларына қызықты іспен айналысқысы келеді. Шери желім мен түрлі әрлеуші заттарды қолына алып, «Crocks» резеңке аяқ-киімдерін әрлей бастайды. Күйеуі Шелиге жеке веб-сайт ашу туралы ой салады. Осылайша 2005 жылы отбасы «Jibbits» компаниясын құрады. 2006 жылы тамыз айында «Crocks» аяқ-киімдеріне арналған әрлеушілердің сатылымы 2,2 млн долларды құрайды. Нәтижесінде «Crocks» «Jibbits»-ті 10 млн долларға сатып алады.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!