Таным

Ақылы сервисті алмастыратын тегін платформалар

Ақылы емес платформаларға көз жүгіртіңіз

Ақылы сервистер арқылы қажетті жұмыстарды орындаймыз. Айлық немесе жылдық пакетін сатып алу арқылы толық мүмкіндігін пайдаланамыз. Бұл сервистерді алмастырушы платформалар бар екенін біліп пе едіңіз? Олардың жұмысы ақылы сервистерге ұқсас және сапалы. Бірақ тегін.

Офистік пакеттер

Әдетте компьютерлік құжаттармен жұмыс істеу барысында «Microsoft Office» сервисін қолданамыз. Алайда бұл сервиске тіркелу ұзақ уақытты қажет етеді. Тіркелуге де бірақ ақша керек.

«LIbre Office» платформасы дәл осы сервистің тегін алмастырушысы.

Бұл қосымшаны соңғы үлгідегі барлық жүйелерге орнатуға болады. «LIbre Office» платформасы мәтіндік, кестелік процессорға ие. Түрлі презентациялар мен векторлық редакторлау жұмыстарын да істей аласыз.

Мұрағаттау сервисі

Мұрағаттау арқылы құжатты сығымдауға болады. Бұл сіздің жұмысыңызды жеңілдетеді. Қазіргі уақытта мұрағаттау үшін «WinRAR» ақылы сервисін пайдаланады.

«7Zip» атты оның алмастырушысы да бар.

Оның жылдамдығы жоғары, мұрағатқа құпия сөз қоюға да болады. Құжаттардың барлық үлгісімен жұмыс істеуге болады.

Растрлық редактор

Түрлі фотосуреттерді редакторлау үшін біз «Adobe Photoshop» сервисін қолданамыз.

Ал тегін сервис іздесеңіз «GIMP» орнатыңыз.

Қосымша суретпен жұмыс істеуге арналған барлық жұмыс түрлерін қамтыған. Түссіздік, қабаттар, түрлі фильтрлер мен сурет үлгілері бар. Бірақ бұл сервис жұмыс барысында сізге біраз ыңғайсыздық әкелуі мүмкін.

Бастапқы бет жасау

Кітаптар мен сайттардың бастапқы беттерін жасау үшін кәсіпқойлар «QuarkXpress»  сервисіне жүгінеді.

«Scribus» бұл сервистің тегін алмастырушысы.

Программада кәсіпқой жүйенің барлық мүмкіндіктері бар. Суретті өзіңізге ыңғайлы үлгіде жүктей аласыз. Сервис тегін болғанымен сапалы жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Векторлы редактор

«Inkscape» атты тегін платформа бар.

Ол ақылы векторлы редактор «Adobe Illustrator» платформасына ұқсас. Қосымшада белгілеу, масштабтау, аэрограф және түрлі стандартты фигуралар бар. Сервис суреттің барлық үлгілерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Музыкалық редактор

«Adobe Audition» танымал музыкалық редактор. Бұл да өзге қосымшалар секілді ақылы болып табылады.

«Audacity» бұл сервистің тегін алмастырушысы болып табылады.

«Audacity» дыбысты өңдеуге қажетті барлық мүмкіндіктерге ие. Дыбысқа арналған түрлі өзгертуші құралдар мен бірнеше қажетті үлгілер бар.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close