Таным

Арал теңізінің жасы анықталды

Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады

АҚШ пен Ресей ғалымдары 10 жылға жуық созылған зерттеу жұмыстарын аяқтап, Арал теңізінің жасын анықтады, деп хабарлайды Quaternary Science Reviews ғылыми журналы.

Журналға жарияланған мақалада ғалымдар жұмысын 2008 жылы бастағаны жазылған. Олар алдымен бірнеше ұңғыма бұрғылап, теңіз тұнбалары мен шөгінділердің құрамын зерттеген. Кейін табылған теңіз жәндіктері мен ұлулардың қабыршағына талдау жасаған. Нәтижесінде Арал теңізінің жасы, шамамен, 17,5 мың жылды құрайды деген тұжырымға келген. Айта кетерлігі, теңіздің түзілуі одан ертерек, 18-23 мың жыл бұрын Памир мен Тянь-Шань тауларының мұздықтары ерігенде басталған. Таудан аққан су өзен болып, осы Арал теңізі тұрған шыңғыманы біртіндеп толтырған дейді зерттеушілер.

Сондай-ақ, ғалымдар теңіздегі судың деңгейі тұрақсыз болғанын да айтты. Мысалы, Аралдың алғашқы даму кезеңінде (17,6-15,3 мың жыл бұрын) өзен суы теңізге көп құйылған. Ал кейінгі 1,3 мың жылда құятын өзендер азайған. Нәтижесінде судың тұздылығы өскен. Тұздылық деңгейінің қатты өсуі осыдан 14,5-14 мың жыл бұрын орын алған.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, қазіргі күні Арал теңізінің тұздылығы 3,5-130 промилле аралығында. Әсіресе, Оңтүстік Аралда жағдай күрделі. Бұл жерде тіркелген 130 промилле деген Мұхит тұздылығынан 4 есе көп. Сол себепті, балықтар мен басқа да теңіз жануарларының өмір сүруіне қолайсыз.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close