Біліп жүр

«Алтын қалам-2018» жүлдесінің жеңімпаздары анықталды

Қысқа тізімге әр жанр бойынша бес шығармадан енді

«Алтын қалам» жетінші рет жылдың үздік қаламгерлерін анықтады. Конкурстың соңғы қысқа тізіміне әр жанр бойынша бес шығармадан енгізілді.

Биыл ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасы құрамына Досым Сатпаев, Айдос Сарым, Арман Шораев, Нұржан Мұхамеджанова, Расул Жұмалы, Кенже Жұманұлы, Қуат Домбай, Бекнур Қисықов, Байғали Есенәлиев, Ділдәгүл Нұрмаханбет, Татьяна Филипчик сынды белсенділер енді.

Жеңімпаздарды марапаттау шарасы Алматы қаласындағы елімізге және шетелге кең танымал ARTиШОК театрында өтті.

Қазақтан шыққан алғашқы меценаттардың бірі Есенқұл Маманов атындағы сыйлық «Қазақтың үздік романына» берілді. Бас жүлде 1 млн теңгені ақын, жазушы, журналист Айдын Кәлімхан иеленді. Балалар жазушыларына арналған «Дарабоз» байқауының бас жүлдесін және 1 млн теңгені прозалық, сын-зерттеу кітаптарының авторы, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Шыңғыс Айтматов академиясының академигі Бекен Ыбырайым жеңіп алды.

Айта кететін жайт, қазақ әдебиетінің жанашыры, танымал меценат Олжас Құдайбергенов биыл фантастика жанрында жазылған үздік шығармаға өз атынан 1 млн теңге қаржылай сыйақы тағайындады. Қомақты ақшаны белгілі қаламгер Нұртөре Жүсіп жеңіп алды.

Байқауға жұмыстар наурыз айынан қыркүйек айының ортасына дейін  қабылданып, оқырмандар ғаламтор арқылы қазан айына дейін дауыс берді. Сайысқа түскен барлық шығарма жүлденің ресми сайтына орналастырылды. Оқырмандардың қолдауы және қазылардың таңдауы бойынша әр аталымда жеңімпаздар анықталды.

«Алтын қалам 2018» жүлдесінің жеңімпаздары:

«Жылдың үздік прозасы» – Есболат Айдабосын (Талдықорған);
«Жылдың үздік кино сценарийі және драматургиясы» – Дүйсен Кеңес (Алматы);
«Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер әдебиеті «Дарабоз»» – Бекен Ыбырайым (Алматы);
«Жылдың үздік сатирасы» – Қанағат Әбілқайыр (Алматы);
«Жылдың үздік фантастикасы және детективі» – Нұртөре Жүсіп (Астана);
«Қазақтың үздік романы» – Айдын Кәлімхан (Талдықорған);
«Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» – Дулат Исабеков (Алматы);  «Лучшая поэзия года» – Калмагамбетова Лариса (Алматы);
«Лучшая проза года» – Валуйских Дина (Караганда);
«Лучшая детская и подростковая литература года «Дарабоз»» – Айзакова Жанаргуль (Алматы);
«Лучшая сатира года имени Есенжола Домбай» – Теплухин Аркадий (Алматы);
«Лучшая фантастика и детективы года» – Бычков Никоолай (Оскемен);
«Лучшая кино сценарий и драматургия года» – Кольченко Лариса (Петропавлск)

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!