Біліп жүр

Ең арзан шетелдік университеттер

Шетелде оқығыңыз келсе...

Ең сапалы әрі арзан шетелдік оқу орындарында білім алу — көптеген мектеп түлектерінің арманы. Сапасы жағынан, оқу ақысы жағынан тиімді шетелдік университеттерді іздейміз. Balbal.kz мотивациялық сайты өзге мемлекеттерде білім алуға мүмкіндік беретін университеттер тізімін ұсынады.

Польша

Білім беру ақысы төмен елдердің қатарына Польша, Словения, Чехия, Латвия және Литва кіреді. Мәселен, Польшаның оқу орындары Украина студенттерінің арасында танымал. 3 басты себеп:

1.Польша Украинаға жақын орналасқан мемлекет

2.Oқу бағасы қолжетімді

3.Tіл үйрену қиындық тудырмайды.

Украина студенттері Киевтегі дайындық курстарына алдын-ала жазылады. Мұнда поляк тілін үйрететін арнайы бағдарламалар бар. Польшадағы оқу бағасы — бір семестрге 500 мың еуро. Польша Еуропалық Одақтың теңқұқылы мүшесі болғандықтан, оқу орындарының дипломдары еуропалық білім беру стандарттарына сай.

Студенттерге Краковтағы Ягеллон, Варшавадағы Лазар атындағы университетте және т.б беделді оқу орындарында білім алу қолжетімді. Польшадағы  ЖОО-на түсу үшін студенттің орта білім туралы туралы куәлігі ғана талап етеді, ал польша тілін бірінші семестрдің басында меңгереді.

Чехия

Чехия — шетелде сапалы және арзан білім алуға мүмкіндік беретін ең танымал мемлекеттердің бірі. Бұл елде оқу жылына 1000 еуро. Тегін білім алғыңыз келсе, қолыңызда орта білімді бітірген куәлігіңіздің болғаны абзал. Университтетте тек қана чех тілінде оқуға міндеттісіз. Ал ақылы оқысаңыз, сабақ ағылшынша өтеді. Сонымен қатар, Чехия — Еуропадағы ақшаны көп қажет етпейтін, өмір сүруге ыңғайлы мемлекет.

Венгрия

Венгрия — ЕуроОдақтың білім беру жүйесіндегі талаптарға сәйкес келетін ел. Бұл жерде өмір сүру құны басқа Еуропалық мемлекеттермен салыстырғанда қымбат емес. Жергілікті жоғары оқу орындарында білім алу жылына орта есеппен 4200 еуроны құрайды.

Университеттерге Ресей Федерациясының аттестатымен түсуге болады. Қазіргі таңда басқа елдің 18000 студенті білім алып жатыр. Олардың басым көпшілігі — Германия, Норвегия, Финляндия, Австрия, Ресей азаматтары.

Ал мектеп түлектеріне жоғары білім беретін мемлекеттердің тізіміне Испания, Италия, Греция, Австрия енеді. Басты себеп —  олардың ЖОО тілді меңгергеніңізді дәлелдейтін сертификатты және ешқандай емтиханды қажет етпейді. Бұл елдерде білім алу тегін және ақылы түрде жүргізіледі. Оқу ақысы жылына 1000-1500 еуродан аспайды.

Германия мен Франция

Германия мен Францияда білім алу қымбатқа түспейді, шамамен жылына 500 еуро. Бірақ оларға тіл меңгергеніңізді көрсететін сертификат керек. Финляндияда білім алу ағылшын тілінде жүреді. Оқу құны жылына 1500 еуро. Сертификат талап етілмейді.

Словения

Студенттер арасында сұранысқа ие ЖОО-ның бірі Словения елінде орналасқан. Географиялық аумағы өте ыңғайлы, туризм белсенді дамыған, ол кезегінде орыс тілін жетік білетін мамандарды қажет етеді. Словенияның оқу орындары сертификатты және емтиханды талап етпегенімен ақылы түрде ғана білім ала аласыз.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!