ДенсаулықСалауатТаным

Есте сақтау қабілетін жақсарту

Сұрақтарға төмендегі жаттығулар жауап берсін

Техниканың қарыштап дамуы әсерінен адамзаттың өмірі әлдеқайда жеңілдей түсті. Бірақ, бұл пайдалы дүние өзімен бірге зиянын да ала келді десек, қателеспеспіз. Мысалы, бүгінде біздің біраз жұмысымызды атқарып жүрген жасанды сананы алсақ. Ғалымдардың айтуынша, жасанды сана әсерінен соңғы жылдары адамдардың есте сақтау қабілеті нашарлаған екен. Өйткені, енді таңертең жұмысқа кешігемін деп уайымдамайсың – оятқыш бар, досыңның туған күнін есте сақтамайсың – әлеуметтік желі бар, кездесу уақытын ұмытпайсың – еске салғыш бар, таныстарыңның телефон нөмірлерін жаттамайсың – бұл да шешілген мәселе, тағысын тағы. Ал енді осындай оңай әрі қиын заманда мидың жұмысын қалай ретке келтіреміз? Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін не істеу керек? Бұл сұрақтарға төмендегі жаттығулар жауап берсін.

  • Миды жаттықтыру. Кітап оқу, сөзжұмбақтар шешу, логикалық сұрақтарға жауап беру, өлең жаттау, шет тілдерін үйрену – миды жұмыс істетуге арналған пайдалы әрі ең тиімді әдістер.
  • Физикалық белсенділік. Дене шынықтырумен айналысудың денеге ғана емес, миға да пайдасы бар. Белсенділік есте сақтауға әсер ететін жасушаларға септігін тигізеді.
  • Дауыстап айту. Егер біз телефон нөмірін, мекен жайды немесе біреудің аты-жөнін дауыстап айтсақ, миымыз оны жаттап алады. Бұл жазып алу әдісінен әлдеқайда тезірек жүзеге асатын құбылыс.
  • Ұйқы. Жақсы ұйқы – денсаулық кепілі. Ұйқысын қандыратын адамдардың өмірі ұзақ болады. Ұйықтап жатқан кезде ағзамыз босаңсып, демалады. Жасартатын гормондар қызметі қалпына келеді. Ұйқысы қанған ағза ақпаратты 2 есе жақсырақ есінде сақтайды.
  • Релаксация. Медитация, йога секілді дүниелер зейінді бір арнаға жинақтауға әсер етеді. Яғни, есте сақтау қабілеті де дамиды.
  • Көзге арналған жаттығу. Егер күнде таңертең 30 секунд бойы көзіңізге жаттығу жасап тұрсаңыз, есте сақтау қабілеті 10%-ға жақсарады. Мұны ғалымдар дәлелдеген.
  • Байланыс. Есте сақтау әдістерінің бірі – фактілерді бір-бірімен байланыстыру (ассоциация).
  • Дұрыыс тамақтану. Дұрыс тамақтану – есте сақтауға тікелей әсер етеді. Қара өрік, саумалдық, жаңғақ, цитрус, қызылша, қаражидек пен мейізді жиірек жеуге кеңес береміз.
  • Дәрумендер. Ең пайдалы дәрумен – В дәрумені. В12 дәруменінің (балық, ет, жұмыртқа, құс) жетіспеушілігі есте сақтау қабілетіне кері әсер етеді. Бұл дәрумен жұмыс істеуде көмекші болып келеді. Сондай-ақ С, Е дәрумендері жайлы да ұмытпауымыз керек.

Байқаған боларсыз, миды үнемі жұмыс істетіп тұрсаңыз, есте сақтау қабілетіңіз де жақсарады. Сол себепті кешкі уақытта смартфон мен теледидардан бас тартып, қажетсіз артық ақпараттан демалыңыз. Сондай-ақ, жаяу жиі жүріңіз және барар жерге жету үшін қуыс көшелерді, ирелеңдеген жолдарды таңдаңыз. Ол сіздің зейініңізге оң әсерін тигізеді. Ал, жатар кезде күні бойы атқарған істеріңіздің барлығын бір реттілікпен еске алуға тырысыңыз. Сол кезде миыңыз өте жақсы жұмыс істейтін болады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close