Таным

«IKEА» бренді — 5 жастағы баланың арманы

«IKEА» қалай пайда болды?

«IKEА» — Швецияда құрылған нидерландтық сауда-өндірістік компаниясы. Әлемдегі ірі сауда жүйесінің иесі болып табылатын бұл компания үй жиһаздарын сатумен және өндірумен айналысады. Негізін салған – шведтық кәсіпкер Ингвар Кампард. 

Ингвар Кампардтың балалық шағы

Ингвар Кампард 1926 жылы кішігірім фермада дүниеге келеді. Кәсіпкерлік жолын Ингвар 5 жасында сіріңке сатудан бастайды. Стокгольмде тұратын әпкесі інісіне сұраған тауарларын жіберіп отырады. Бұл кішкентай Ингвардың тек бастамасы еді. Себебі Кампард мұнымен енді шектелмейді. Сан алуан ұсақ-түйек тауар сата бастайды. Бүгінін емес, ертеңін ойлады. Сондықтан да қалтаға түскен ақшаға тәттілер сатып алмай, керісінше қаражат жинауды қолға алады.

«IKEА»
Ингвар Кампрад @ru.sweden.se

«IKEА» сөзінің мағынасы

Ингвар Кампард 17 жасқа толғанда  тірнектеп жинаған ақшасына компания ашуды жоспарлайды. Алайда ол қаражат компания ашуға жетпейді. Амалы қалмаған Ингвар әкесінен қарыз сұрайды. Осылайша ол өзінің жеке компаниясын ың іргетасын қалап, оны «IKEА» деп атайды.

«IKEА» Ингвар Кампардтың аты мен тегінің, туып-өскен фермасының бастапқы әріптері.

Компания алғашқыда пошта тауарларын тасымалдаумен айналысады. Бұл Ингвардың Геттерберг коммерциялық мектебінде білім алып жүргені кезі. Жас кәсіпкер үшін оқу мен жұмысты қатар алып жүру қиынға соғады. Дегенмен ол сабыр сақтап, шыдамдылық танытады.

Ингвар Кампардтың тегін кофесі

Соғыс уақытында қалам және қағаздың кең сұранысқа ие болғанын байқаған кәспкер енді қалам сатуға бел байлайды. Банктен несиеге 500 крон алып, Франциядан қаламға тапсырыс береді. Алайда жас кәсіпкерге тауарын мейлінше тезірек сатып, қарызын өтеуі керек болды. Бұл мәселені шешу үшін Ингвар тауардың таныстырылымын жасайды. Адамдар қызықтыру мақсатында «келген қонаққа тәтті тоқаш пен кофе тегін» деген хабарлама таратады. Ингвардың бұл шешімі кәсібін дөңгелетеді. Тауары тез арада сатылып, қарызын уақытылы өтейді. Жалпы осы оқиғадан кейін ол ендігәрі несиеге жоламайды.

1945 жылы мектепті тәмамдаған соң кәсіпкерді Орман иелері Ассоциациясына кеңсе қызметкері ретінде жұмысқа жібереді. Ингвар бұл жерде де уақытын босқа өткізбейді: басқармадан ара сатуға рұқсат алады. Кәсіптің үлгісі өзгермегенмен тауарды өзі тасымалдауға тура келеді.

Бір жылдан соң Кампардты әскерге шақыртады. Қабілетті Ингвар командирдің сенімін тез жаулап алады. Соның арқасында түнгі уақытта өз кәсібін жалғастыруға рұқсат алады.

«Қымбатқа 60 үстел сатқаннан 600 арзан үстел сатқан пайдалы»

1948 жылы Ингвар өз кәсібінің шекарасын кеңейтуді ойға алады. Кәсіпкер таңдауы жиһаз өнімдеріне түседі. Себебі жиһаз қашан да сұраныста болатын тауар екенін түсінеді. Бастапқыда компанияда тек жалғыз өзі жұмыс істейді. Бірнеше бағыттағы жұмысты қатар алып жүру үшін жұмыскерлер алуды дұрыс деп санайды. 1950 жылы оның компаниясында 4 қызметкер тіркелген болатын. Алғашқы уақытта кәсіпкер жиһазды сатып алу және сатумен айналысты.  Уақыт өте келе Ингвар жеке бөлшектерді сатып алып, өзінің кішкене зауытында қолдан жиһаз құрастыруды іске асыра бастайды. Осы кезеңде Кампардтың «Қымбат 60 үстел сатқаннан 600 арзан үстел сатқан пайдалы» деген әйгілі формуласы пайда болады.

«IKEА»
Ингвар Кампард @staff-online.ru

Өз бәсекелестерін озу үшін Ингвар компаниясының алғашқы жарнамалық буклетін жасатады. Енді тапсырыс беруші өз қалауына қарай жиһазды таңдап, тапсырыс беруге мүмкіндік алды.

1958 жылы «IKEА» атауымен алғашқы фирмалық дүкен өз есігін айқара ашады. Ингвар кәсіпкерлік жолында кез келген кедергіден пайда көруді үйренгенін айтады.Тұтынушылардың қызығушылығын ояту үшін оның пайдаланған тәсілдері маркетология саласына көп өзгерістер алып келгені шындық. Кейбір сарапшылардың ойынша, Ингвар дәл осы саланың негізін салушы болып табылады.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close