КітапТаным

Кітап дүкендері: Қазақша кітапты қайдан сатып алуға болады

Қазақша кітаптар алуға болатын жерлер

Кітап дүкендері кітапқа деген сұранысқа байланысты көбею үстінде. Ғаламтор арқылы да жұмыс істейтін мұндай орындардан сіз түрлі жанрдағы шығармаларды таба аласыз. Balbal.kz сайты тек қазақша кітап сатып алуға болатын кітап дүкендері тізімін ұсынады.

Qazyna

«Qazyna» кітап дүкенінің басты концепциясы – тек қана қазақша. Дүкен 2017 жылы өз жұмысын бастаған. Негізін салушы – Алмас Шәйкен. Мұнда тек кітапты сатып алып қана қоймай, қалаған шығарманы отырып оқи да аласыз. Дүкен барлығы 40-қа жуық баспамен келісімшарт жасасқан. 50-ге жуық автормен жұмыс істейді.

«Qazyna» кітап дүкенінің жеке сайтынан оқырман жас авторлардың шығармасын тегін оқи алады. 10-15% оқып шыққан соң, бағалау терезесі ашылады. Мұнда оқырман өз пікірін қалдырады. «Qazyna» дүкенінен еш жерде кездесе бермейтін қазақша кітаптарды табуға болады. Сонымен қатар кітапханада апта сайын белгілі тұлғалармен кездесулер де өтеді.

Мекен-жайы: Тимирязев көшесі 43 к3, «Atakent Mall» сауда орталығы.

         KitapAll.kz

«KitapAll.kz» — қазақша кітап сататын интернет дүкен. Бұл «SAMGA» баспасының ресми дүкені болып табылады. Барлығы 9 баспамен серіктес. Кітапты дүкеннен не сайттан сатып ала аласыз.

Егер қажет болса, менеджер сізге кеңес бере алады. Қажетті кітапты сайттан іздеуге болады. Сонымен қатар барлық кітаптар жанр бойынша бөліп, орналастырылған. Тапсырысты сайт арқылы не телеыон нөміріне хабарлама жазу арқылы беруге болады.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, 5-шағын аудан, 18 үй.

Kokzhiek.kz

«Kokzhiek.kz» — «BOOK-MADE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғаламтор дүкені. Дүкен 8 баспамен серіктестік орнатқан. Сайттан қазақ тіліндегі діни кітаптарды сатып аласыз.

Ғаламтор дүкеннен іздеу арқылы кітаптарды жылдам табуға болады. Кітаптар жанр және тақырыбы бойынша бірнеше категорияға бөлінген. Бұл сайтта да кеңес беретін арнайы менеджер жұмыс істейді.

Меломан

Меломан – Қазақстандағы ірі кітап сататын дүкендер желісі. Компанияға 2017 жылы 30 жыл толған. Дүкеннен тек қазақ тіліндегі емес, орыс тілінде жазылған үздік шығармалар сатылады. Қажетті кітапты жақын маңдағы дүкеннен не ресми сайтынан таба аласыз. Meloman.kz сайты кітап таңдап, тапсырыс беру үшін ыңғайлы платформа болып табылады.

Дүкен әлемге белгілі брендтермен, баспалармен серіктестік орнатқан. Әлемдік бестселлер кітаптарды да таба аласыз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!