Біліп жүр

#AdeleChallenge флэшмобының мақсаты неде?

Адель сахнадан кететінін мәлімдеді

Бірнеше күннен бері интернетте #AdeleChallenge деген флэшмоб жақсы қарқынмен таралып жатыр. Әлеуметтік желі қолданушыларын бірден баурап алған қызықты шара британиялық әнші Адель сахнадан кететінін мәлімдеген соң басталған. Алғашқы видеоны TikTok сайты жариялады деп мәлімдейді шетелдік БАҚ. Ол видеода мармелад қонжық өзі секілді қонжықтардың алдына шығып, Someone Like You әнін орындайды. Бұл Адельдің концертіне жасалған пародия десе де болады.

Видеоны түсіргендер өздері де мұндайдың боларын күтпесе керек, дегенмен, олардың туындылары аз уақытта 1,2 миллион лайк жинап, сайттың басқа мүшелері тарапынан қолдауға ие болады. Артынша осы іспеттес видеолар #AdeleChallenge деген хэштегпен Twitter, Instagram мен YouTube желілеріне де тарай бастайды.

Қазіргі уақытта көпшілік мармеладтардың орнын доппен, жұмыртқамен, аяқ киіммен, түрлі ойыншықтармен алмастырып, флэшмобты жан жақты қолдап жатыр. Олардың арасында атақты адамдар мен белгілі компаниялар да бар. Бұл шара жай ермек емес, Адельді сахнадан кетпеуге шақыратын жанкүйерлер үндеуі екенін де айта кеткеніміз жөн болар.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!