Мәдениет

Beirut тобының Шарында түсірілген клипі шықты

Клипке "Тақтар ойыны" сериалындағы рыцарь Меррин Трант түскен

Әлемге танымал Beirut инди-фолк-тобы «Landslide» әніне түсірілген клипін көпшілік назарына ұсынды. Туындының түсірілім жұмыстары Шарын шатқалдары мен Бутаковка аңғарында өткен.

Британиялық Оин Глайстер режиссерлік еткен клипте басты рөлді ирландиялық Йен Битти сомдаған. Айта кетерлігі, Иен Битти көпшілікке «Тақтар ойыны» сериалындағы рыцарь Меррин Трант рөлімен танымал. Клипте ол «Тақтар ойынындағыдай» рыцарьді сомдағанымен, бұл жолғы кейіпкері жауынгерден гөрі, сайқымазаққа көбірек ұқсайды. Бүкіл видео бойы ирландиялық өзінің ақ тұлпарына міне алмай қиналады. Клипте бас кейіпкерден бөлек, бір қыз бен қара тұлпарға мінген қосымша кейіпкер бар.

Продюсерлер АҚШ әншілерінің туындыны Қазақстанда түсіруінің басты себебі қаржылай шығынның басқа елдермен салыстырғанда аз болуымен түсіндіреді.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close