Мәдениет

«Күлтегін» мультфильмін дыбыстауыға танымал актерлер қатысқан

Мультфильм 22 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрында прокатқа шығады

Толықметражды анимациялық «Күлтегін» мультфильміндегі негізгі кейіпкерлерді еліміздің театр және кино актерлері дыбыстаған. Олардың қатарында Қазақстанның халық артисі Нүкетай Мышбаева, Мерей Әжібеков, Динара Әбікеева және Филипп Волошин бар.

Сонымен қатар көптеген голливудтық фильмдерді қазақ тіліне дыбыстаған жас актерлер Рамазан Амантай, Әлихан Байсұлтанов қатысқан. Режиссердің айтуынша, отандық актерлер тарихи кейіпкерлерді дыбыстауғы аса жауапкершілікпен қараған.

— Тарихи кейіпкерлерді дыбыстауда актерлар бар күшін салып жұмыс істеді. Жалпы бәрімізге де «Күлтегін» фильмі баға жетпес тәжірибе берді. Жобаға еліміздің үздік компьютерлік графика және анимация мамандары атсалысты. Туындыны бір жылдың ішінде жасап шығардық. Бұл халықаралық стандарттар бойынша өте аз уақыт. Алайда, бар күшіміз бен жанымызды салған бұл туынды кішкентай көрермендермізбен қатар, барлық қазақстандықтардың көңілінен шығатынына сенімдімін, — деді режиссер Адай Әбілдинов.

— Мультфильм кейіпкерлерін дыбыстағанды қатты ұнатамын. Өйткені осында ғана дауыстың көмегімен кейіпкеріңнің образын жасай аласың. Кейіпкердің мақсатын, ерекшеліктерін және астарлы әрекеттерін дауыс қана береді. Бұл ретте актер көптеген техникалық машықтармен қарулануы тиіс. Мен үшін мультфильмде жұмыс істеу – үлкен тәжірибе жинау деген сөз, — деді бала Күлтегінді орыс тіліне дыбыстаған Филипп Волошин.

— «Күлтегінді» көрген кезімде оның голливудтық мультфильмдерден еш кем түспейтінін байқадым. Мен бұл мультфильмде Білге Қағанның бала кезін дыбыстадым. Дубляждағы тәжірибем көп болмаса да бұл дыбыстаудан ерекше ләззат алдым. Өйткені, менімен бірге досым Әлихан Байсұлтанов дыбыстауға қатысты. Ол Күлтегінді дыбыстады, — деді Рамазан Амантай.

ҚР Мәдениет және спорт министрілігінің тапсырысы бойынша жас режиссер-аниматор Адай Әбілданың қолынан шыққан аталмыш тарихи анимациялық туынды көшпенді халықтардың басын біріктіріп, Ұлы көшпенділердің дәстүрін жалғастырған Түрік Қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жастық шағы туралы баяндайды. Естеріңізге сала кетейік, мультфильм 22 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрында прокатқа шығады.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close