Біліп жүр

«Тақтар ойынының» соңғы маусымы қашан шығатыны белгілі болды

HBO телеарнасы «Тақтар ойынының» соңғы маусымының жаңа тизерін шығарды. Youtube әлеуметтік желісіне жарияланған видеода сериалдың 14 сәуірден бастап көрсетілетіні жазылған.

Роликте Старктар әулетінің тірі қалған мүшелері — Санса, Арья мен Джон Сноу Винтерфелл қамалының астындағы отбасылық сағанадан өздерінің мүсінін табады. Артынша айналаны мұз қаптай бастайды. Тығырыққа тірелген үшеуі қылыштарын қанаптарынан суырған сәтте видео аяқталады. Бұл жайтты көрермендер жамандықтың нышаны деп болжап үлгерді. Десе де, өндірушілер осы тизер арқылы көпшілікті соңғы маусым алдында бір шулатып алғысы келген секілді.

Айта кетерлігі, бұған дейін де НВО телеарнасы сериалдың соңғы маусымынан үзінділер жариялаған болатын. 38 рет «Эмми» жүлдесін алған туынды жазушы Джордж Мартиннің «Мұз бен жалын әні» деген романы бойынша 2011 жылдан бері түсіріліп келеді.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!