Біліп жүр

Жер бетіндегі 781 миллион ересек адам жазу мен оқуды білмейді

Сауаттылық көрсеткіші 84%-ды құрайды

Жер бетіндегі сауатты адамдардың саны соңғы жиырма жылда өсуін бәсеңдеткен. Қазіргі күні бұл көрсеткіш 84%-ды құрайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі басқармасының дайындаған мәліметтеріне сай, түрлі елдердегі 781 миллион ересек адам, яғни Жер планетасының әр оныншы тұрғыны жазу мен оқуды білмейді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін сауатсыздықты жою үлкен қарқынмен жүрген болатын. Алайда, зерттеушілер қазіргі күні өсімнің бәсеңдегенін айтады. Мысалы, 1950 мен 1990 жылдар аралығында сауаттылық көрсеткіші 56%-дан 76%-ға, одан кейінгі он жылда 82%-ға дейін көтерілген. Ал, 2000 жылдан қазіргі күн аралығында тек 2% өсім қосқан.

Жер бетіндегі сауатсыздық көрсеткіші, 2000 жыл

Зерттеушілер бұл жайтты Орталық Африка мен Батыс Азия елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының төмендігімен байланыстыруда. Жазып, оқи алмайтын адамдардың 76%-ы осы өңірлерде тұрады.

Айта кетерлігі, ЮНЕСКО-ның келтірген статистикасы бойынша әлемдегі 15 пен 24 жас арасындағы жастардың сауаттылығы 90%-ды құрайды. «Бұл жақсы көрсеткіш. Бірақ, қалған 10% пайыз 126 миллион адамды құрайтынын да ұмытпаған жөн», — дейді зерттеушілер.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!