Біліп жүр

Маркетингтік зерттеу: Мақсат, нысана, әдіс және қателік

Маркетингтік зерттеу не үшін керек?

Маркетингтік зерттеу – бәсекелестерді басып озудағы негізгі фактор. Зерттеуді жүргізбес бұрын неден аулақ болуды және қандай әдістерді пайдалануға болатынын білген жөн.

Маркетингтік зерттеудің мақсаты

Жаңа кәсіп үшін нарықтағы сұраныс пен көлемді, баға мен тауар құнын білу маңызды. Сонымен қатар бәсекелес компанияларды егжей-тегжейлі зерттеген жөн.

Маркетинг өндірістің ұйымдастырылуы мен тауар сатылымына байланысты жұмыс істейді. Сонымен бірге ол нарықтағы тауар/қызмет түріне деген сұраныс деңгейін зерттеу негізінде құрылады.

Маркетингтік зерттеудің деңгейлері

Маркетингтік зерттеу – сатылым процесінің маңызды бөлімі. Өзге жүйелер секілді зерттеу де бірнеше маңызды аспекттен тұрады. Олар:

  • Міндет-мақсат қою (Дұрыс сұрақтарды қалыптастыру);
  • Әдісті таңдау және құру;
  • Ақпарат жинау;
  • Ақпаратқа сараптама жасау.

Маркетингтік зерттеуді ұйымдастыру дұрыс мақсат қою, нарықты сұрыптау және мақсатты аудиторияны анықтау, тиімді құралдарды таңдау секілді маңызды деңгейлерден құрылады.

Егер бастапқы деңгейде қателік жіберілсе, нәтиженің көңіл көншіте қоюы екіталай.

Маркетингтік зерттеу жүргізудің әдістері

Маркетингтік зерттеу арқылы кез келген сұраққа жауап табуға болады. Сатылымға қатысы зерттеу жүргізуге болады: қызмет, тауар, жұмыс, сұраныс, ұсыныс, нарық көлемі, баға, тұтынушы пікірі, клиенттің қанағаттану деңгейі және т.б.

Бастысы – сұрақты дұрыс қою және тиімді әдісті таңдау.

Қазіргі уақытта маркетингтік зерттеудің негізгі екі түрі кең таралған: сандық және сапалық.

Сандық – жеке және телефон арқылы сұхбаттасу, ритейл аудит, телеметрия. Бұлар қазіргі уақытта сұранысқа ие қызмет түрлері.

Сапалық – арнайы топқа назар салу, ауқымды сұхбаттардан құрылған зерттеу. Мұндай әдістер қазіргі уақытта маркетингтік зерттеуде аз бөлікті қамтиды. Бірақ Қазақстанда оның сұранысы өсу үстінде.

Маркетингтік зерттеудегі басты қателіктер

Тауарды «сыртынан» бақыламау. Өндіріс иелері көбіне өз тауарының тұтынушы көзіне қалай көрінетінін зерттемейді. Қателікті шешудің жолы – тұрақты клиенттер арқылы зерттеу жүргізу. Осылайша тауарға не жетіспейтінін, артықшылықтарын және қажеттілік деңгейін анықтайсыз.

Нарықты дұрыс бағаламау. Кейде кәсіпкер тауар/қызметін барлығына қажетті деп ойлайды. Алайда тұрақты клиенттер саны сіз ойлағаннан да төмен болуы мүмкін. Мұндай қателікке бой алдырмас үшін өзіңізді жарнамалаңыз. Жарнамаға көбірек қаржы бөлсеңіз, табыс мөлшері де соншалықты көбейеді.

Бәсекелесті жеткілікті бағаламау. Қандай кәсіп түрін таңдамасаңыз да сіз таңдаған сала бәсекелестерге толы екені белгілі болады. Оларды жеңу қиынға соғуы мүмкін. Бұл үшін нарықтағы өз әрекетіңізді белгілеп алыңыз. Мысалы, сізге арзанға түсетін тауар өндірісі, тегін жеткізу қызметі немесе ұзақ мерзімді кепілдік және т.б.

Сіздің тауарыңыз тұтынушы үшін маңыздылық тудырмайды. Жарнама тұрақты клиенттерге артықшылықтарыңызды түсіндіріп, неліктен дәл сізден сатып алу қажеттігін жеткізеді. Кәсіби жарнама агенттіктерінің көмегіне жүгіне аласыз. Сонымен қатар жарнама фирмасынан кеңес алу арқылы өзіңіз де тауарды таныстыра аласыз.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!