Біліп жүр

Мекемені белгілі навигатор мен карталарға қосудың жолдары

Мекемені белгілі навигатор мен карталарға қосу жолдарымен танысыңыз

Мекемені навигатор және картаға қосу бизнесті дамыту және клиент жинаудың тиімді құралы болып табылады. Себебі бұл(дүкен, кафе, офис, банк, шеберхана т.б.) кәсіпорынның жұмыс уақыты, мекен-жайы, тұтынушы пікірлерінен тұратын ақпараттық стенд рөлін атқарады. Назарыңызға белгілі навигатор және картаға мекемені қосу жолдарын ұсынамыз.

2Gis

Бұл карта ресейлік компанияға тиесілі. Картаны ай айын 40 миллионнан астам қолданады. Басты бетте «Бизнес үшін» (Для бизнес) атты жеке бөлім бар. Бұл бөлімге өту арқылы «Компанияны тіркеу» (Добавить компанию) батырмасын көре аласыз. Үш блоктан тұратын анықтаманы толтырып шығыңыз. Бірінші блокта кәсіпорын жайлы жалпы ақпарат бересіз. Екінші блок компанияның байланыс нөмірі, жұмыс уақыты мен төлем түрлеріне арналған. Үшінші блок тіркеуші жайлы ақпаратты сұрайды. Барлығын толтырып болған соң «Өтінішті жіберу» (Отправить отправку) батырмасын басыңыз.

Мекеме «2Gis» картасында пайда болған соң, жеке кабинет ашыңыз. Бұл үшін «Бизнес үшін» бөліміне тағы кіріңіз. Мұнда «Өз парақшамды басқару» (Управлять своей страницей) батырмасы бар. Бұдан кейін «Рұқсат алу» (Получить доступ) батырмасын басыңыз. Мекеме орналасқан қала мен компания жайлы жалпы ақпаратты енгізіңіз. Кәсіпорын сервистен анықталған соң, электронды поштаңызға растауға арналған хат жібереді. Мәліметтерді нақтылау үшін сізге оператор хабарласады. Бұл процесс бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.

Яндекс. Карта және навигатор

Мұндай навигаторларды қолдану логистиканы жақсартады. Клиент офиске немесе дүкенге адаспай жете алады. Карта және навигацияға мекемені тіркеу үлкен қалада жұмыс істеуге көмектеседі.

«Яндекстің» веб-нұсқасын ай сайын 40 миллион адам қолданады. Навигатордың артықшылығы бағытты ғаламторға қосылмай-ақ жасай алады. Алдымен «Яндекске» тіркеліңіз. Бұл жерден «Яндекс. Анықтама» бөлімін табыңыз. Жазу жолына компания жайлы барлық ақпаратты енгізіңіз. Осыдан кейін мәліметті растаңыз. «Яндекс» мекеменің ақпараттар базасында бар-жоғын тексереді. Егер табылмаса, «Мекемені менің ақпараттарыммен қосу» бөлігіндегі «Қосу» батырмасын басыңыз. «Ұқсас компаниялар» бетіне өтіп, ақпараттарды растаңыз.

Ақпарат тексеріліп болған соң жаңа мекеме жайлы ақпарат «Яндекс анықтамаға»  жіберіледі. Ол «Растау күтілуде» бөлігінен көрінеді. Қолданушыға «Растау» батырмасын басып, байланыс нөмірін қосу керек. Бірнеше минуттан соң автоматты оператор хабарласып, кодты дыбыстайды. Бұл кодты «Растауға өтініш» бөліміндегі «Менің өтінішім» бетіне енгізу керек. Біраз уақыттан соң компания жайлы ақпарат картада пайда болады.

Google Maps

«Google Maps» карта және жердің спутниктік түсірілімдерін ұсынады. Бұл картаны ай сайын әлем бойынша жүз миллионнан астам адам қолданады. Мекемені тіркеу үшін алдымен «Google Maps»-қа тіркеліңіз. Бұдан кейін «Менің бизнесім» бетіне өтіп, «Бастау» батырмасын басыңыз. Жазу жолын толтырыңыз. Компаниямен байланысты растап, «Дайын» батырмасын басасыз. Мұнда мекемені мобильді қосымша арқылы да тіркеуге болады. Бірақ бірінші нұсқа жылдамырақ болып табылады.

Apple Maps

2018 жылдан бері «Apple Maps» картасындағы ақпараттарды «2Gis» сервисі ұсынады.

Maps.Me + OpenStreetMap

«Maps.Me» қосымшасы «OpenStreetMap» базасы негізінде құрылған жүйе. Сервисті құрушы – «Mail.ru» компаниясы. Мұнда мекемені тіркеу үшін қосымшаны мобильді телефоныңызға жүктеңіз. «Мәзір» бөлімінен «Картаға орынды қосу» бөлігін таңдайсыз. Картаны жылжыту арқылы мекеменің орналасқан жерін таңдап, «Дайын» батырмасын басыңыз. Мекеме категориясын таңдаңыз. Қосымша ақпарат қосыңыз (мекен-жай, байланыс нөмірі, жұмыс уақыты).

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!