Таным

Online-to-Offline: сауданың жаңа түрі

Online-to-Offline деген не?

Online-to-Offline немесе Онлайн-Оффлайн коммерция – ғаламтор арқылы тұрақты сатып алушыларды жинайтын сауданың инновациялық түрі. Бұл формат виртуалды және физикалық сауданың біріктірушісі. Online-to-Offline коммерциялық емес ұйымдарға қажетті сауда түрі болып табылады. Қазіргі уақытта тұтынушыларды тартудың тиімді жолы болып табылады.

Online-to-Offline форматтың пайдасы қандай?

«Online-to-Offline» арқылы сіз онлайн сатып алушылардың санын көбейте аласыз. Себебі қазіргі таңда көптеген саудалар ғаламтор платформалары мен әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асады. Ал оффлайн түрде сіз тұтынушыларыңыз ды жәрмеңкелер, мерейтойлар, қайырымдылық шаралары мен фестиваль-концерттерге шақырасыз.

Сауданың бұл түрін «020» деп те атайды. 020 үлігісінің жұмысы сатып алушыны ғаламтор арқылы бекітеді. Мысалы, электронды почтаға контексттік жарнама жібереді. 020 үлігісінің мақсаты ғаламтор арқылы тауарды жарнамалап, оны жәрмеңке немесе оффлайн-алаңдар, сауда орталықтарына шақыру.

Маркетингтің әсері

Тұтынушыны ғаламтор әлемінен шығару үшін маркетинг технологиялары іске кіріседі. Тұтынушы базасы арқылы олардың әрекеттерін бақылауға мүмкіндік туады. Ал 020 үлгісін қолданатын тұтынушылар бөлек. Олар ғаламтор арқылы тапсырыс беріп, жеткізу жұмыстарын күтпейді. Мұндай тұтынушылар сатушының дүкеніне барып, сауданы сол жерде іске асырады. Ғаламтор тек сіздің тауарыңызды тек таныстырушы ғана.

Ғаламтордағы сауда алаңдары пайда болған кезде дәстүрлі сауда иелері бәсекеден қауіптенді. Себебі онлайн сауда көп жұмысшыны қажет етпейді. Сәйкесінше тауардың көп түрін ұсына алды. Ал дәстүрлі саудагерлердің шығыны көп. Жалға алу орыны мен жұмысшылардың көптігі бірнеше қиындықты тудырды. Online-to-Offline форматы бұл екі саланы біріктіруші. Қазіргі уақытта кейбір компаниялар сауда орнымен қатар онлайн алаңға да иелік етеді. 020 форматының мақсаты – онлайн түрде тауарды таныстыру, жеңілдіктерді ұсыну. Ал сауда оффлайн түрде жүзеге асады.

Online-to-Offline саудасының әдістері

Сіз өз саудаңызды екі алаңда да жүзеге асыра аласыз. Бұл тұтынушылардың қызығушылығына байланысты. Кейбір сатып алушылар онлайн тапсырыс беріп, бірден алуға үйренген. Енді бірі тауарды өзі барып, тексеріп алғанды жөн санайды. 020 үлігісі тұтынушылардың барлық типімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оның негізгі әдістері:

  • Онлайн-тапсырысты алып кету орынын бекіту. Сатып алушы өз тапсырысын белгілі нүктеден алуы тиіс.
  • Тауарды дүкенге қайтарып беру мүмкіндігі.
  • Тапсырысты онлайн түрде беру.
  • Арнайы ұсыныстар: QR- код, онлайн ойынға қатысу, жеңілдіктер ұсыну.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!