Таным

Соңғы 50 жылда жануарлардың үштен екісі жойылған

Living Planet баяндамасы әр екі жыл сайын жарияланып тұрады

Жер бетіндегі адам санының қарқындап өсуі жануарлар әлеміне үлкен зардабын тигізуде. Соңғы 50 жылда жануарлардың үштен екісі жойылған. Бұл жөнінде Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) Living Planet баяндамасында айтылды.

Зерттеулер 1970 жылдан бері омыртқалы хайуандардың (сүтқоректілер, құстар, балықтар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер) саны 60%-ға азайғанын көрсеткен.

«Жердің биологиялық әралуандылығы соңғы уақытта үлкен қарқынмен азайып жатыр. Мұндай көрсеткіштер бұрындары тек жаппай қырылу кезінде ғана болған», — дейді баяндама авторлары. Олар адамзатты бұл мәселенің алдын алуға үндеп жатыр.

Айта кетерлігі, әлемдік фаунаны зерттеп, оның жағдайын анықтайтын экологтар Living Planet баяндамасын әр екі жыл сайын жариялап тұрады. 2018 жылы олар Жер бетінің 25%-на ғана әзірге адам тимегенін, ал 2050 жылы бұл көрсеткіш 10%-ға дейін түсетінін айтқан.

Өзгерістер өндірістің өсуімен және энергия, жер мен суға деген сұраныстың артуымен байланысты.

Жалпы әлемдегі орман-тоғайлардың азаюы соңғы жылдары оларды қайта қалпына келтіруге байланысты төмендегенімен, тропикалық ормандардың жағдайы оң болмай тұр. Бүгінде Оңтүстік және Орталық Америкадағы жағдай күрделі. Бұл аймақтарда 1970 жылдан бері омыртқалы хайуандардың 89%-ы құрыған.

Баяндамада тұщы суда мекен ететін түрлердің үлкен қауіп алдында тұрғаны айтылады. Ең үлкен қауіп пластиктен болып тұр. Қоқыстың бұл түрі, тіпті, Мариана шұңғымасынан да табылған.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close