Тарих

Фамилиясы жоқ Ұлы қазақ

Александр Бектің «Арпалыс» повестінен үзінді

Орыс жазушысы Александр Бектің «Арпалыс» деп аталатын («Волоколамское шоссе») шығармасы Екінші дүниежүзілік соғыстың ең ауыр кезеңін, 1941 жылғы Мәскеуді қорғаушылардың қаһармандық ерлігін шынайы баяндайды. Туындының басты кейіпкері — қазақ халқының даңқты ұлы, сол кездегі батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы. Оның ұлттық мінезі мен қаһармандық іс-әрекеті шығармада терең ашылып, көркем шешімін тапқан. Орыс тілінде жазылған повесть қазақ, ағылшын, француз, неміс, араб, италян, испан, еврей, грек, португал, суоми тілдеріне аударылған. Шығармада қорқақтық та, достық та, зұлымдық та, ерлік те, шарасыздық та, үміт те, күдік те кездеседі. Ұлтын сүйген батыр ұлдың өр мінезі де айқын суреттелген. Александр Бек Бауыржан Момышұлымен қалай танысқаны туралы «Фамилиясы жоқ адам» («Человек, у которого нет фамилий») атты кітаптың бірінші бөлімінде жазған. Сол үзіндіні назарларыңызға ұсынамыз:

«Танысқан кезінде ол аты-жөнін айтты. Жөнді есіте алмай, қайта сұрадым.

– Бауыржан Момышұлы – деді ол тәптіштеп.

Кәдімгі тілшінің әдеті бойынша дәптерді қолыма алып:

– Ғафу етіңіз, фамилияңыз қалай жазылады? – деп сұрадым.

– Менің фамилиям жоқ, – деді ол.

Мен бетіне таңдана қарап едім, ол:

– Атым Бауыржан. Әкем Момыш, мен соның ұлымын, баласымын, түсіндің бе?-деді.

Оның үнінде астарлы бір зіл бардай, кейістіктің лебі жатқандай сезілді. Кейін, әбден танысып, сыр алысқан кезде ғана, оның не себепті өзін фамилиясыз адам деп есептейтінін ұқтым».

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close