Тарих

Үндіс көсемдерінің даналық сөздері

Мына әлем кезінде кітапхана болған

Бұл – XIX ғасырда Солтүстік Американы мекен еткен үндіс тайпаларының көсемдері айтқан даналық сөздер. 


  • Білімге емес, даналыққа ұмтыл. Білім деген өткен күннің елесі, даналық деген рауандап атқалы тұрған ертеңгі күн.
  • Шіркеуге жанымыз қас. Олар бізді Құдай туралы дауласуға шақырады.
  • «Ала ғой» деген сөзің «мен береміннен» екі есе артық.
  • Қара қылды қақ жару үшін көп сөздің қажеті жоқ.
  • Жақсы адамның жақсыға ғана көзі түседі.
  • Үндемес мылжыңға қарағанда екі есе көп біледі.
  • Аяқ киіміңнің ізіне қарап ал, сосын ғана біреудің мінін айт.
  • Ессіз ғашық болмас бұрын қар үстінде із қалдырмай жүруді үйрен.
  • Өлім деген жоқ. Тек бір әлемнен екінші әлемге саяхат шегу бар.
  • Итті құшақтап жататындар ертесіне бүргемен оянады.
  • Ақ нәсілділердің сөзге шешендігі сондай, шынды өтіріктей, өтірікті шындай етіп көрсете алады.
  • Менің балам ешқашан егінші болмайды. Себебі егіншілер түс көрмейді, ал даналық болса бізге түс арқылы келеді.
  • Өмір деген не? Ол түндегі жарқырауықтың жарығы. Ол бизонның қыстыгүнгі демі. Ол таңда шөпке түсіп, кешке ғайып болатын көлеңке.
  • Соңғы ағаш отынға айналып, соңғы өзен ластанып, соңғы құс торға түскен күні сіздер ақшаның тамақ болмайтынын түсінесіздер.
  • Ұлы Рух мінсіз емес. Оның жарқын да, көлеңкелі де тұстары бар. Кейде көлеңкелі тұсының үйретері көбірек.
  • Білім кез келген нәрседе жасырынып тұр. Мына әлем кезінде кітапхана болған.
  • Өз-өзіңді есту үшін тіс жармайтын күндер қажет.
  • Өзіңді түсіну үшін таудағы таспен тілдес…
  • Мінгенің өлі ат екенін байқасаң, аттан түс.
  • Ұлы Рух жаңа күнді сыйлағанда оны бәріне тарту етеді.
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close