Тарих

Терракота әскерінің құпиясы

Императорға 8000 саз адам неге қажет болды?

Терракота әскері — 1974 жылы император Цинь Ши Хуандидің моласының жанынан табылған Қытайдың ерекше тарихи ескерткіштерінің бірі. Кешен саздан жасалған 8099 жауынгер мен сәйгүліктердің мүсіндерінен тұрады. 

Бұл нысан өзінің ауқымы бойынша және тылсымдығы жағынан Мысыр пирамидаларымен пара-пар. Зерттеушілер саздан жасалған мұндай үлкен қол императорға арғы өмірге барғанда өзінің билігін сақтап, менмендігін қанағаттандыру үшін керек болған дейді. Сондай-ақ, ертеде қытай салты бойынша қайтыс болған билеушімен бірге тірі адамдарды да жерлегені белгілі. Ал, терракота әскері тірі адамдарды алмастырған алғашқы тәжірибе болып есептеледі. Десе де ғалымдар сазды әскер көп адамның өмірін сақтап қала алмағанын да айтады. Болжамдар бойынша, Цинь Ши Хуандимен 70 мыңға жуық жұмысшы мен олардың отбасылары жерленген. Көп жағдайда мұндай шара билеуші жатқан жерді жасырып қалу үшін жасалған.

Деректерге сүйенсек, император Цинь Ши Хуанди өлімнен қатты қорыққан, сондықтан мәңгілік өмір сүрудің құпиясын табуға тырысқан. Кейбір зерттеушілер ол мәңгілік өмір сүрудің дәрісін іздеуге 8 мың адамнан тұратын әскерді жердің қиырына аттандырғанын айтады. Әскер қайта келгенге дейін билеуші сынаптан жасалған дәрілерді ішіп жүрген. Оның өліміне сол жайт себепкер болуы мүмкін.

Қорымның құрылысына барлығы 38 жыл кеткен. Оны салу үшін 700 мыңнан астам жұмысшы мен қолөнер шеберлері атсалысқан. Бір қызығы, жауынгерлер өте мұқият жасалған. Әр әскеридің шені, қаруы, қайталанбайтын және әр алуан сезімді көрсетіп тұрған түрі бар. Сонымен қатар қазба жұмыстары кезінде акробаттардың, музыканттар мен шенеуніктердің мүсіні және қоладан жасалған екі арба табылған. Арбалар император моласынан 20 метр жерге көмілген екен. Олар 300-ден астам құнды металл және түрлі әшекейлермен көмкерілген.
1987 жылы ЮНЕСКО-ның 11-сессиясында терракоттан жасалған әскер дүниежүзілік мұра қатарына кірді.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close