Тарих

Вольф Мессинг туралы 5 дерек

Ол Сталинді қалай таңғалдырды?

Во́льф Григорьевич Мессинг (1899 жылы 10 қыркүйек (Гура-Кальвария, Польша) — 1974 жылы 8 қараша, Мәскеу, КСРО) — эстрадалық әртіс (менталист), КСРО-да адамдардың ойын оқитын психологиялық тәжірибелерімен өнер көрсеткен, РКФСР-дің еңбек сіңірген әртісі. Ол жайлы ел ішінде аңыз көп. Олардың қайсысы шын, қайсысы жалған екенін зерттеушілер әлі күнге дейін анықтай алмай жүр. Қалай болғанда да Мессинг тарих бетінде өз ізін қалдырып кеткен тұлға. Назарларыңызға сиқырымен Сталинді таңғалдырған жан жайлы бірнеше дерек ұсынамыз.


  • Вольфті бала кезінде көшеде жатқан жерінен тауып алған. Дәрігерлер тамырын тексергеннен кейін оны өлдіге санап, денесін мәйітханаға жібереді. Бірақ үш күннен кейін «мәйітті» союға келген жас медик оның жүрегі соғып тұрғанын байқап, баланы оятып алады. Бұл жайт Абель есімді атақты психиатрды қатты таңғалдырады. Ол Вольфтің қандай мүмкіндікке ие екенін түсініп, оған мән-жайды ескертеді және «өлі» күйге ену арқылы нендей жетістіктерге жетуге болатынын айтады. Осылайша Мессингтің әртістік өмірі басталады. Ол циркте «өлі» күйге еніп, елдің көңілін аулаумен күн көреді. Сөйтіп жүріп, басқалардың ойын оқи алатынын да анықтайды.

  • Соғыс кезінде Мессинг түрмеге түседі. Өлім аузында тұрған оны бойына біткен қасиеті құтқарып қалады. Ол ойы арқылы түрменің барлық күзетшілерін камерасына шақырып, қамап, өзі бостандыққа шығып кетеді.

  • Мессингпен жұмыс істеуді бастамас бұрын Сталин оның мүмкіндіктерін тексеріп алуды жөн санайды. Ол сиқыршыға Мемлекеттік банкке барып, еш құжатсыз көп көлемде ақша алып шығуды тапсырады. Жанында қауіпсіздік комитетінің екі қызметкері бар Мессинг банкке кіріп, қолындағы жазуы жоқ ақ қағазды кассирге ұстата салады. Банк қызметкері қағаз бетіне ұзақ қарап, бірнәрсе оқығандай болып, оған 100 мың сом санап береді. Осы оқиғаның куәсі болған қауіпсіздік комитетінің адамдары жағдайды Сталинге айтып, оны қатты таңғалдырады.

  • Сталин Мессингті тағы бір тексермек болып, оны Кремльдегі кабинетіне шақырады. Бірақ жолдағы барлық күзетшіге сиқыршыны өткізбеуді тапсырады. Соған қарамастан, Мессинг Сталиннің айтқан уақытында кабинетке кіріп келеді. «Мұны қалай істедің?» деген сұраққа, ол: «Мен басқалардың көзіне Берия болып көріндім», — деп жауап берген екен.

  • Жас кезінде Мессинг белгілі ғалымдар Эйнштейн мен Фрейдпен кездесіп, оларға өз мүмкіндіктерін көрсеткен.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close