Біліп жүр

Балалар киімінің ең қымбат 7 бренді

Бүгінгі уақытта әлемнің дизайнерлері балалардың сәнді киінуіне үлкен мән береді. Ата-аналардың кейбірі балаларына танымал брендтік киімдерді алып беріп жатады. Әрине, ондай киім балаға бірден жараса кеткенімен, қалтаны тоздыртатыны сөзсіз. Сіздің назарыңызға әлемдегі балалар киімінің ең қымбат брендтерінің тізімін ұсынамыз.

«Dolce & Gabanna»

«Dolce & Gabanna» — балалар арасында үлкен танымалдыққа ие бренд. Қыздарға арналған көйлектердің бағасы 300 доллардан басталып 3200 долларға дейін жетеді. Ал ұлдарға арналған күртешелер бағасы 1290 доллардан басталады. Аяқ киімнің бағасы 100-500 доллар аралығын құрайды.

«Moncler»

«Moncler»—компаниясы үлкендермен қатар кішкентайларға да киімдер топтамасын жарыққа шығарып келеді. Балаңызды киіндірудің өзіне біраз қаражат жұмсайсыз. Бас киімдердің бағасы 100 доллардан басталады, ал оған қосылатын мойынорағыш тағы 100 доллар. Спорттық киімдер 400 долларды құрайды. Жұқа күртешенің бағасы 1200 долларға дейін жетеді.

«Chanel»

«Chanel» компаниясы балаларға арналған жеке киімдер топтамасын шығармайды. Бұл люкс брендтің барлық киімдері тек тапсырыспен ғана тігіледі. Мысалы, Дженнифер Лопес қызына тапсырыспен тіккізген бір сөмкеге 2400 доллар қаражатын жұмсаған.

«Gucci»

Әлемдегі ең қымбат брендтердің бірі – «Gucci». Киім бағасына келер болсақ, қыздарға арналған жаздық көйлек 2000 долларға дейін жетсе, жаздық қалпақтардың бағасы 150 доллардан басталады. Сәбилердің заттарын салуға арналған сөмке 4400 доллар. Ал «Gucci» логотипі бар балалар сөмкесі 1800 доллар тұрады.

«Tartine Et Chocolat»

«Tartine Et Chocolat» — балалардың сәнді киімдерін ұсынатын француздық компания. Одан бөлек жұмсақ ойыншықтарды және бөлмеге арналған заттарды шығарады. Ойыншық бағасы көлеміне қарай 250 долларға дейін жетеді. Сәнді көйлек бағалары 500 доллар, күртеше бағалары 300-400 доллар аралығын құрайды.

«Burberry»

Ал «Burberry» киімдерінің бағасы үлкендерге арналған киім бағасынан кем емес. Осы брендтің жарнамасына өздерінің балаларын қатыстырғысы келетін жұлдыздар жеткілікті. Классикалық балалар пальтосы 850 доллар. Арзанырақ киімдерге келер болсақ, жұқа жейде 70 доллар, кішкентай сәбилерге арналған костюм 195 долларға сатылады.

«Canada Goose Kids»

АҚШ-тағы «Canada Goose Kids» компаниясының бағасына тұтынушылар тарапынан біраз наразылық туған. Алайда компания дизайнерінің пікірінше баға киім сапасына толығымен сәйкес келеді. Қысқы күртеше бағалары 500-800 доллар аралығын құраса, бас киім бағасы 50 доллардан жоғары.

Дайындаған: Гауһар Бердібек

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!