Біліп жүр

Бизнес және кәсіпкерлік жайлы телехикаялар

Бизнес туралы кино көріңіз

Бизнес ашқыңыз келсе кітап немесе кәсіпкерлердің өмірбаянын оқыған дұрыс. Бірақ бұл адамды шаршатып жіберуі мүмкін. Сол үшін арасында көңіл көтеру мақсатында немесе ақпарат жинау үшін телесериалдар мен фильмдерді тамашалаған жөн. Balbal.kz сайты кәсіпкерлік пен бизнес жайлы түсірілген ең үздік телесериалдар тізімін дайындады.

«Есалаңдар» (Mad men, 2007-2015)

Телехикая 1960-жылдардағы Нью-Йорктегі жарнама агенттігінің жұмысы жайында баяндайды. Компания жетекшісі Дон Дрейпер өз кабинетінде виски ішіп, шылым шегіп отырғанымен аса тәжірибелі маман.  Оның ақылы мен кеңесі кәсіпті жүргізу кезінде септігін тигізбей қоймайды. Қол астындағы жұмысшылар нағыз шеберге айналу жолынан өтеді. Дон Дрейпердің қолынан барлығы келеді: кез келген мәселенің оң шешімін тауып, қалың көпшіліктің көңілінен шығады.

«Карта үйшігі» (House of Cards, 2013-2018)

Саясат – нағыз «жыртқыштар» қатысатын бизнес. Френсис Андервуд – президенттік жолды жүріп өткен америкалық конгрессмен. Ол бұл жетістікке жету үшін әйелінің кеңестерін тыңдай отырып, көптеген қиындықтарды жеңіп шығады. Неше түрлі қиындықты бастан кешірген Френсистің ақылы мен оның телехикаядағы тәжірибесі кәсіпкерлер мен саясаткерлерге көмегін тигізбей қоймайды.

«Қиындықты жеңе отырып» (Breaking Bad, 2008-2013)

Қиын кездерді басынан өткізіп жатқан химиктің отбасысы метамфетамин қайнатуды қолға алады. Уолтер Уайт басынан басталған ірі кәсіптің негізін салады. Ол белгілі есірткісатушылар мен қылмыс жетекшілерінің бәсекелесіне айналып үлгереді. Оған өзінің оқушысы көмектеседі. Дәрігерлер оған «өкпе обыры» диагнозын қояды. Телехикая заңсыз пайда табу жайлы айтқанымен ондағы ойлар мен Уолтердің тәжірибесі көптеген кәсіпкерлерге қажет.

«Форс-мажорлар» (Suits, 2011-2018)

Харви Спектер – адвокотура әлемінің жұлдызы. Ол өзіне көмекші іздеп, Майк Росс атты талантты жас жігітті жолықтырады. Оны тестті толтыру кезіндегі қулықтары үшін колледжден шектеген. Ақылды әрі талантты заңгерлер керемет жоспар құрып, ешкім күтпеген жерде жеңімпаз атанады.

«Стартап» (StartUp, 2016-2017)

Қаржы алыптары мен құбыжықтарына қарсы шыққан ФБР агенті криптовалютамен байланысты қызық оқиғаға тап болады. Телехикая криптовалютаның жұмысы мен оның пайдасы жайлы құнды ақпарат береді. Биткоинның жұмыс принципін түсіндіріп, қалай қолдану керектігін айтады.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!