Біліп жүр

«Күлтегін» анимациялық фильмінің трейлері жарияланды

«Қазақфильм» киностудиясы «Күлтегін» анимациялық фильмінің ресми трейлерін жариялады. Туынды 22 қарашадан бастап прокатқа шығады.

Туынды Ұлы Түрік Қағанатының дәуірін сипаттайды. Сюжет бойынша, мемлекетке ыдырау қаупі төнеді. Түркілердің бірлігін сақтап қалан Ұлы Елтеріс қаған жаңа мемлекетті құруды көздеген сатқындардың қолынан мерт болады. Тақтың мұрагері Елтерістің ұлы 12 жасар Күлтегін қашып құтылады. Өзінің туған жеріне оралу үшін ол көптеген қиындықтарды басынан өткізеді. Бұл жолда оған түркілердің жебеушісі Көк Бөрі мен туған бауыры Білге көмекке келеді. Басы біріккен олар жауды жеңіп, түркі әлемін құтқарып қалу үшін бар күшін салады.

Ұзақтығы: 60 минут
Тілі: қазақ тілінде
Қоюшы режиссер: Адай Әбілда
Сценарий авторлары: Адай Әбілда, Жәнібек Нұрбекұлы
Қоюшы суртшілер: Қасиет Сақиолла, Жәнібек Нұрбекұлы, Адай Әбілда
Композиторы: Әсет Дәненов
Дыбысрежиссері: Евгений Селюков
Редакторы: Салтанат Дүнгенбаева
Кеңесшілер: Тамара Мұқанова, Едіге Тұрсынов
Продюсер: АдайӘбілда
Директоры: Айбике Рақымжанова
Аниматорлар: АбзалИнсебаев, Қуаныш Нағгыз, Мейіржан Төлепбай, Шаттық Тұрсынали, ҚасиетСақиолла, Ермек Мананбаев, Жақсыбек Кәміл, Бағдар Жынсабек, Қали Бақытхан, Гүлжан Қаділбек, Мариям Қалибек, Темірлан Кенжеғалиев, Кұнанбай Әбелдинов, Жанәділ Байдарбек, Шыңғыс Сапар
Рөлдерді дыбыстаған: Мерей Әжібеков, Азамат Қанапия, Бақытжан Жармұхамбетов, Гүлназ Әуесбаева, Руслан Ахметов, Динара Әбікеева, Нүкетай Мышбаева және басқалары.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!